• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
28 Қазан, 2013

Маңғыстауда әскери қызметкер парамен ұсталды

355 рет
көрсетілді

Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласындағы №66/56 әскери бөлім командирінің орынбасары құқық қорғау қызметкерлеріне пара алау үстінде қолға түсті. Бұл туралы «Хабар» телеарнасы хабарлады.

Бұл әскери қызметкер «Эко проект» жобалаушы компаниясының өкілімен бірлесіп, әскери қалашықтың құрылысына жауапты мердігерден 1 млн. теңге пара талап еткен. Олар осы соманы актіге қол қою үшін сұраған көрінеді. Алайда екі сыбайлас пара алу сәтінде құқық қорғау қызметкерлерінің қолына түсті. «Әскери бөлімнің тыл жөніндегі орынбасары, майор Көшербаев және «Эко проект» жобалау компаниясының өкілі Абубакиров пара алды деген күдікпен ұсталды. Сондықтан олар сот санкциясымен қамауға алынды»,-дейді Жаңаөзен аймағы бойынша қаржы полициясы басқармасының бастығы Жәнібек Төлепқалиев.

Әлгі біз жоғарыда атап өткен Жаңаөзен қаласындағы жаңадан салынып жатқан әскери қалашық екен. Енді жақын арада сот қос сыбайластың әрекетіне қатысты шешім шығаратын болады.

Бақытбек Кенешұлы.

Соңғы жаңалықтар