• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
29 Қазан, 2013

Олжаға 1 миллион теңге сұрайды

276 рет
көрсетілді

Бұдан бір жыл бұрын Ал­маты облысы Қапал кентінде тұратын Еламан Нағымов есімді оқушы бала үй іргесіндегі бақшалық жерден жүзден астам көне тиындарды тауып алады. Сол күні 7-сыныпта оқитын жеткіншек ауладан жертөле қазып жатқан әкесіне көмектесіп жүрген еді. Бір кезде ол екі метр тереңдікке жеткен кезде шүберек қапшыққа кезігеді. Ішін ашып қараса, сары түсті көптеген тиындар шығады. Кейін ғалымдар олардың тарихи құндылықтары бар екенін мойындады.

Сол уақыттан бері Ел­аман­ның анасы Раушан Үсенова осы сирек кездесетін көне тең­гелерді жергілікті жердегі Ақын Сара атындағы мұражайға сатуға әрекет жасап келеді екен. Бірақ мәдени ошақ пен қазына иелерінің арасындағы бағада келіспеушілік бұған кедергі келтіріп тұрған сияқты. Үй иеле­рі тапқан олжаға 1 миллион теңге сұрайды. Ал облыстық мәде­ниет басқармасындағылар бұл бағаны тым жоғары деп есептейді.

«Мұражай әзірге біз айтқан бағаға сатып алуға келісім берген жоқ. Олар қайта-қайта бағаны төмендетуді өтінуде. Біз әзірге ойланып жүрміз. Шы­ны керек, тұрмысымыз төмен. Ал мектепке баратын ұлы­мыз­дың киімдері жүдеу, оқу құрал-жабдықтары жетіс­­­пейді. Оған қоса бала көптен бері велосипед әпер деп қың­қылдап жүр. Сондықтан біз өзіміз тап­қан қазынаға осындай баға белгілеуге мәжбүрміз», – деп түсіндіреді баға себебін Раушан.

Қазіргі күндері екі жақтың саудасы келіспегенімен, көне теңгелер мұражайда сақ­­­­таулы тұрған көрінеді. Ма­мандардың пікірлері бойынша, оларды тереңірек зерттеу тарихтағы жаңа беттерді ашуға көмектесулері тиіс.

Мұрат АЙТҚОЖА.

Соңғы жаңалықтар