COVID-19-ға байланысты Үндістанның "Кавказ-2020" атты әскери жаттығуға қатыспайтын болғаны жайлы елдің Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі Twitter-де жазды, деп хабарлайды Egemen.kz
COVID-19 тудырған қиындықтарға, соның ішінде логистикалық тұрғыдағы кедергілерге байланысты Үндістан мен 6 ел – Қытай, Мьянма, Иран, Пәкістан және Ресей бірлесе өткізуді жоспарлаған жаттығуға қатыса алмайды.
Елдің қарулы күштерінің 3 түрлі әскерінің 200 сарбазы қатысады деген жаттығу енді Үндістансыз, 5 елдің әскерімен өткізіледі.
Ресей тарапы Үндістан әскерінің қалыс қалатыны туралы алдын ала хабарландырылды дейді ақпаратта.