• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Парламент 30 Тамыз, 2020

Нұрлан Бекназаров: Конституциялық өзгерістердің негізгі мақсаты – халқымыздың әлеуетін көтеру

567 рет
көрсетілді

Міне, біз Қазақстан Республикасы Конституциясының 25-жылдығын атап өтіп отырмыз.

Конституция осыдан 25 жыл бұрын әлемнің озық елдерінің конституциясындағы қажетті талаптар мен нормаларды үлгі ретінде алып, еліміздің өзіндік ерекшеліктері ескеріле отырып қабылданған болатын.

Одан кейін Конституцияға заман талабына сай бірнеше өзгерістер енгізілді. Ол өзгерістердің барлығы елімізде, жалпы әлемде болып жатқан геосаяси, әлеуметтік, экономикалық өзгерістерге жауап ретінде енгізілген. Аталған өзгерістердің негізгі мақсаттарының барлығы – еліміздің, халқымыздың, азаматтарымыздың әлеуетін көтеру, елдің экономикасын нығайту.

Кез келген зайырлы, демократиялық мемлекет өзінің Ата Заңына сүйеніп, халыққа қатысты шешімдер қабылдайды. Шешімдердің іске асуы үшін оларды заңдық тұрғыда қамтамасыз ету маңызды. Онсыз көздеген мақсатқа жету мүмкін емес.

Сондықтан Елбасының және Президенттің бастамасымен маңызды мәселелер көтеріліп, олардың барлығы Парламент қабырғасында қаралып, әлеуетті заң нормаларына айналып отырады. Сол себепті қолданыстағы заңнамаға уақыт және қоғам талабына сай өзгерістер енгізіп отыру қалыпты құбылыс.

Міне, Ата заңымыз бүгінде осындай маңызды да мазмұнды өзгерістермен бекемделген, шыңдалған негізгі құқықтық құжатымыз ретінде қоғам өмірінің бағыт-бағдарына айналып отыр.