Биыл Ханты-Мансийск автономды округінің тамыз конференциясы жұлдызды спикерлер мен сарапшылардың құрамын жинады, деп хабарлайды Egemen.kz
Юграға Франция, Финляндия, Казақстан, Сингапур, Швециядағы әйгілі білім беру ұйымдарының өкілдері қосылды. Олардың қатарында экономикалық ынтымақтастық мен даму ұйымы білім беру депратаментінің директоры Андреас Шляйхер, Digiadventurers фин білім беру стартапы директорлар кеңесінің төрағасы Юха Оллила, "Назарбаев зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымының басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова, Сингапурдың оқытушылар ұйымының бас хатшысы Майк Тируман, Швециядағы Kunskapsskolan инновациялық мектептер желісінің негізін қалаушы Пейе Эмильсон бар.
Ресей тарапынан Ресей Федерациясының ағарту министрі Сергей Кравцов, Ханты-Мансийск автономды округінің губернаторы Наталья Комарова, "Экономика жоғары мектебі" ұлттық зерттеу университетінің ғылыми жетекшісі Исак Фрумин, МИСиС Ұлттық зерттеу технологиялық университетінің EdCrunch University орталығының директоры Нұрлан Қиясов, Санкт-Петербор мемлекеттік университеті педагогика институтының директоры Елена Казакова, Ханты-Мансийск автономды округі – Юграның білім беру және жастар саясаты департаментінің директоры Алексей Дренин және отандық білім беру саласындағы өзге де белгілі тұлғалар қатысты.
Спикерлер мен сарапшылардың танымал құрамы "Жалпы білім беру сапасы бойынша Ресей Федерациясының әлемнің жетекші 10 елінің қатарына енуі стратегиялық мақсатына қол жеткізудің тірек бағыттары" туралы кәсіби пікірсайыстың жоғары деңгейін көрсетті.
"Юграның білім беру жүйесінің дамуындағы стратегиялық көшбасшылық: халықаралық тәжірибе, трендтер, жаһандық ұсынымдар" пленарлық сараптау сессиясы педагогтардың үлкен қызығушылығын тудырды.
"Әлемдік үдерістер дамуының ауқымындағы Юграның білім беру экожүйесінің өзгеруі» тақырыбына арналған TEDx форматындағы конференцияда ұстаздар ХХІ ғасырдың білім беру жүйесіндегі ұлттық концепциялар мен табысты тәжірибелерді нақтылады.
Қазақстандық инновациялық мектептердің жетекшісі Күләш Шәмшидинованың" "Заманауи мектептің педагогикалық ұжымын қалыптастыру және оның әлеуетін жетілдіру" баяндамасы барысында дербес және корпоративтік онлайн-каналдар арқылы көптеген қосылулар болғанын байқауға болады.
Аталған тақырып конференцияда жаһандық басымдықтардың қатарында аталып, ұстаздар мен мектеп директорлары, топ-менеджерлер мен білім беру саласындағы зерттеушілер үшін теңдей деңгейде өзекті екендігі айқындалды.