Бангкок қаласында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы – «АТОМ» жобасының тұсаукесері болып өтті, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі.
Тұсаукесердің БҰҰ күнімен тұспа-тұс келуінің нышандық мәні бар. Өйткені, бүгінде бүкіл әлем Қазақстанның ядролық қарусыздану саласындағы айтарлықтай үлесін мойындап үлгерді. 2009 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы консенсустық негізде Қазақстан ұсынған қарарды қабылдап, 29 тамызды «Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні» деп белгіледі. 1991 жылы дәл сол күні еліміздегі Семей ядролық сынақ полигоны жабылған болатын.

Шараны Қазақстан Республикасының Тайланд Корольдігіндегі елшілігі ұйымдастырды. Оның барысында «Сталинге сыйлық» деп аталатын тақырыптық фильмнің көрсетілімі болды.
Тұсаукесерге Тайланд министрліктері мен ведомстволарының басшылығы, парламент, БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхит үшін Экономикалық және әлеуметтік комиссиясының өкілдері, Тайланд компанияларының, үкіметтік емес ұйымдарының басшылары, қоғамдық-саяси қайраткерлері, дипломатиялық корпус және жетекші Тайланд БАҚ-тарының журналистері қатысты.
Шарада Қазақстанның Тайландтағы елшісі Марат Есенбаев құттықтау сөз сөйледі. Ол қатысушыларға Қазақстанның ядролық қарусыздану саласына қосып отырған үлесі мен «АТОМ» жобасы туралы әңгімелеп берді. Қазақстандық дипломат меймандарды еліміздің халықаралық қоғамдастықпен бірлесіп, бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының зардаптарын жою бойынша күш-жігерінен хабардар етті. Сонымен қатар, ядросыз әлем құрудағы «АТОМ» жобасының маңызын атап көрсетті.
Шара қатысушылардың ешқайсысын бейжай қалдырған жоқ. Олардың барлығы Қазақстан басшылығының осы бағыттағы бастамаларына қолдау сөздерін білдірді.