Мassaget.kz жастар порталы Мұхтар Әуезовтің "Абай жолы" эпопеясына жасалған бейнесаммаридің төртінші тарауын жариялады, - деп хабарлайды Egemen.kz Мassaget.kz порталына сілтеме жасап.
Massaget.kz порталы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай Мұхтар Әуезовтің "Абай жолы" роман-эпопеясының қысқаша мазмұнына doodle анимациялы видеосаммари дайындады. Видеожоба Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен жарық көріп отыр.
Роман-эпопеяның медиа нұсқасы әр дүйсенбіде YouTube-тегі Massaget TV арнасында жарияланып отырады. Жыл соңына дейін 28 ролик шығару жоспарланған.