• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
29 Қазан, 2013

Саакашвилиге қош болсын айтты

250 рет
көрсетілді

Шарайна

Грузия халқы өткен жексенбі, 27 қазанда өздеріне жаңа президент сайлап алды. Әрине, Орталық сайлау комиссиясы әлі қорытынды нәтижені жариялаған жоқ, бірақ Г.Маргвелашвилидің айқын жеңіске жеткені қазірдің өзінде белгілі болып отыр. Тіпті, оны ұлықтау рәсімі 17 қарашада болатыны туралы да әңгімелер көп айтылуда.

Г.Маргвелашвили «Грузин арманы» атты билік партиясының өкілі. Оны сайлаушылардың 63 пайызға жуығы қолдаған сыңайлы. Оның ең жақын қарсыласы, «Бірлескен ұлттық қозғалыс» (М.Саакашвилидің партияластары) партиясының өкілі Давид Бакрадзе одан үш есе аз дауыс жинаған. Ал лидерлер үштігіндегі Нино Бурджанадзеге сайлаушылардың 10 пайыздан артығы ғана дауыс беріпті. Жалпы, сайлауға елдегі дауыс беру құқы бар халықтың 46 пайызы қатысқан. Аздау секілді ме, қалай?

Шарайна

Грузия халқы өткен жексенбі, 27 қазанда өздеріне жаңа президент сайлап алды. Әрине, Орталық сайлау комиссиясы әлі қорытынды нәтижені жариялаған жоқ, бірақ Г.Маргвелашвилидің айқын жеңіске жеткені қазірдің өзінде белгілі болып отыр. Тіпті, оны ұлықтау рәсімі 17 қарашада болатыны туралы да әңгімелер көп айтылуда.

Г.Маргвелашвили «Грузин арманы» атты билік партиясының өкілі. Оны сайлаушылардың 63 пайызға жуығы қолдаған сыңайлы. Оның ең жақын қарсыласы, «Бірлескен ұлттық қозғалыс» (М.Саакашвилидің партияластары) партиясының өкілі Давид Бакрадзе одан үш есе аз дауыс жинаған. Ал лидерлер үштігіндегі Нино Бурджанадзеге сайлаушылардың 10 пайыздан артығы ғана дауыс беріпті. Жалпы, сайлауға елдегі дауыс беру құқы бар халықтың 46 пайызы қатысқан. Аздау секілді ме, қалай?

Адам құқын бұзған «демократ»

Неміс БАҚ-тары АҚШ президенті Барак Обама Германия канцлері Ангела Меркельдің телефоны тыңдалатынын білген деп шуласа да АҚШ Ұлттық қауіпсіздік агенттігінің (ҰҚА) бұл ақпаратты теріске шығарғанынан кейін үндері біршама саябырлап қалды.

Бірақ АҚШ-тың Еуропадағы басқа жақтастары ҰҚА-ның бұл қылығына наразы екендіктерін жариялауда. «Тыңшы кабинеті» АҚШ-тың Берлиндегі елшілігінің 4-қабатында орын теуіп келіпті. Кеше Испания билігі де АҚШ-тың бұл ісіне наразы екендіктерін жариялады. Американың арнаулы қызметтері 2012 жылдың бір айында ғана Испания азаматтарының телефонмен сөйлескен 60 млн.-ға жуық әңгімелерін тыңдапты. ҰҚА-ның аты-жөнін айтудан қашқан информаторының айтуына қарағанда, агенттік Б.Обама бұл істі тоқтатқанға дейін әлемнің 35 лидерінің телефон әңгімелерін бес жыл бойы тыңдаған екен.

Бәрінен қарапайым халыққа қиын

Ресей шекарашылары Украинамен екі арадағы шекараға тікенек сымнан аран тартуға кірісті. Атап айтқанда, бұл іс Луганск облысында іске асуда. Әрине, мұндай қадам шекара маңында тұратын тұр­ғындарға оңай тиіп отырған жоқ.

Осы уақытқа дейін шекараның екі бетіндегі туысқандарымен емін-еркін араласып жүрген жергілікті тұрғындар дағдарысқа ұшырап отыр. «Даудың басы Дайрабайдың көк сиыры» демекші, даудың бәрі Украинаның Кеден одағын керек қылмай, Еуроодақпен байланысты тереңдетуге бет бұрғанынан екенін екі елдің халқы да жақсы біледі.

Қысқа қайырып айтқанда:

*Жұрттың бәрін шулатып, кез келген елдің тамақ өнімдерінен кәкір тауып жүретін Ресейдің бас санитар дәрігері Г.Онищенко отставкаға кетті.

*БҰҰ мен Араб мемлекеттері лигасының өкілі Л.Брахими кеше Дамаскіге арнаулы сапармен барды. Оның сапарының мақсаты сириялықтармен байланыс орнатудың қосымша мүмкіндіктерін қарастыру болып отыр.

*Ауа райының қолайсыздығына қарамай, биыл өзбек диқандары 3,350 млн. тонна шитті мақта жинауға қол жеткізді. Бұл мемлекетпен жасалған келісімшарт міндеттерінің толық орындалғандығы деген сөз, деп хабарлады СА-NEWS (UZ).

*Қырғызстандағы төтенше оқиғалардың салдарынан жыл басынан бері 12 адам көз жұмыпты. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрі Қ.Бооронов хабарлаған. Осы уақыт аралығындағы материалдық шығын 218 млн. сумға тең болған.

*Қытай астанасының орталында болған жол-көлік апатының салдарынан 11 адам зардап шегіп, 3-еуі көз жұмған. Қазір оқиғаның себебі мен салдары тексеріліп жатыр.

*Польшаның экс-премьер-министрі Тадеуш Мазовецки 86 жасқа қараған шағында қайтыс болды. Ол «Солидарность» қозғалысында Лех Валенсаның жанындағы көшбасшылардың бірі болған еді.

Ескі төраға қайтып оралды

Өткен сенбі-жексенбіде Ресейдің ең үлкен саяси партияларының бірі – «Справедливая Россия­ның» кезекті съезі болып, онда партия серкесі Сергей Миронов қайтадан төраға болып сайланды. 2011 жылдың 16 сәуірінде болған партия съезінде ол төрағалықтан шеттетіліп, тек депутаттар палатасының басшысы болған еді.

Ал бұған дейін төраға болған Николай Левичев оның орнына кетті. Оған қарсылас ретінде тіркелген петербургтік Оксана Дмитриева бар- жоғы жеті-ақ дауыс алды.

Жапонға өтпеп еді, Қытай бас салды

Америкалық «Боинг» авиажасау компаниясы Қытайдан 200 ұшақ сатып алатындығы туралы рекордты тапсы­рыс алып, төбелері көкке жеткендей қуануда. Бұған дейін «Боинг» компаниясы жапон тұтынушыларынан 9 млрд. долларлық келісімшарттан айырылып қалған болатын. Оны француздың «Эирбас» компаниясы жеңіп кеткен.

Ал Қытаймен арадағы келісімшарттың құны 20 млрд. долларға жетіп отыр. Алынатын ұшақтардың бәрі де жақын магистралді деп аталатын 737 маркалы «Боингтер». Оны сатып алушылардың қатарында Қытайдың жекеменшік авиакомпанияларымен қатар, мемлекеттік меншіктегі ең үлкен компания да бар. Айта кетерлігі сол, осыған дейін бұл ұшақтардан жапон тұтынушылары болар-болмас кінәрат тапқан болатын.

Қанішерге берілген әділ жаза

Британияның Бирмингем қала­сын­да үш мешітке қарақшылық шабуыл жасап, біреуінде қартаң мұсылман азаматты өлтірген украиналық Лапшинге сот процесі аяқталды. Қарақшы әділетті жазасын алып, өмір-бақи түрмеде отыруға кесілді.

Үкімде тіпті оның мерзімінен бұрын босатылу мүмкіндігі тек 40 жылдан кейін болады деп айтылған. Қанішер Бирмингемге Украинаның Днепропетровск қаласынан Британияның «Делкам» компаниясына тәжірибеден өту үшін келген. Ол қолдан жарылғыш құрылғылар дайындап, оны қаланың үш мешітінде қолданған. Лапшин өзінің кінәсін толық мойындаған.

Интернет материалдары негізінде әзірленді.

Соңғы жаңалықтар