• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 01 Қыркүйек, 2020

Мемлекет және қоғам қайраткерінің бюсті қойылды

323 рет
көрсетілді

Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова мемлекет және қоғам қайраткері Сейілбек Шаухамановтың ескерткіш бюстінің ашылу шарасына қатысты. Аймақ басшысы көрнекті мемлекет қайраткерінің елге сіңірген еңбегі, өңірдің әлеуметтік-экономикалық, рухани дамуына қосқан үлесін ерекше атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

"Біз өткенімізді өшірмей, келешекке сеніммен қадам жасау үшін кейінгі буынға тәлім аларлық өнегелі істерімізді, елдің бірлігі мен ынтымағы жолында аянбай еңбек еткен ардагерлеріміздің есімдерін ардақтап, жас ұрпаққа үлгі етуіміз керек.  Сейілбек Шаухаманұлы ел экономикасының нығайып, әлеуметтік-экономикалық реформаларды нәтижелі жүзеге асыруға атсалысты. Мемлекет және қоғам қайраткерінің елге жасаған еңбегі, қалтқысыз қызметі ұмытылмайды", - деді облыс әкімі.

Салтанатты шарада ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың құттықтау хаты оқылды. Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова және Сейілбек Шаухамановтың жұбайы Жұпаркүл Сматова қоғам қайраткерінің өмірі мен қызметіне арналған қоғамдық музеймен танысты.

Қызылорда қаласындағы дарынды балаларға арналған №9 "Білім-инновация" облыстық лицей-интернатта ашылған ескерткіш-бюст авторы ҚР Суретшілер одағының мүшесі Аманкелді Кененбаев. Мектеп ішінен ашылған қоғамдық музейде мемлекет және қоғам қайраткерлерінің төсбелгілері, қызмет бабында пайдаланған заттары және кітаптары қойылған. Музей 4 экспозициялық бөлімнен тұрады.