• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 01 Қыркүйек, 2020

Алматылық дәрігерлер мемлекет қолдауына алғыс білдірді

248 рет
көрсетілді

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын арнады. Жолдауда денсаулық сақтау жүйесін дамытуға және медицина қызметкерлерін қолдау шараларына ерекше көңіл бөлінген, деп жазады Egemen.kz.

Осылайша, Президент медицина қызметкерлеріне үстемеақы төлеуге 150 млрд теңге бөлуді тапсырды. Осыған байланысты Алматының медицина қызметкерлері Президентке көрсеткен қолдауы үшін алғыстарын білдірді.

Алматы қаласының №4 қалалық емханасының клиникалық фармакологы Әйгерім Тоқтыбаева өңірлік коммуникациялар қызметі алаңындағы онлайн сұхбат барысында айтылған бастамаларға алғыс білдіріп, "Барлық медицина қызметкерлерінің атынан Президентке осындай үлкен көмек үшін үлкен алғысымды білдіргім келеді. Пандемия кезінде жұмыс істеген әрбір медицина қызметкері өз өмірін қатерге тікті, ал бүгінгі Жолдау бізге үлкен қуаныш сыйлады", — деп атап өтті.