Алматы қалалық ішкі істер департаментінің бастығы алмасты. Бұған дейін департаментті басқарып келген Қайрат Тыныбеков кетіп, орнына Серік Күдебаев тағайындалды. Бұл туралы BNews.kz тілшісі Сергей Куянов хабарлады.
«Мен Алматы қалалық ішкі істер департаменті бастығының алмасқанын алдын ала растаймын. Ал бүгін кешке жаңа келетін адамды әкеліп отырғызады деп күтілуде. Тек Тыныбековтің орнына келетін адамның өз ісін, қаланы және өз жұмысының ұңғыл-шұңғылын білетін адам екенін айта аламын», - депті С.Куянов. Бірақ басшының кім екенін ашып айтпапты.
Алайда, арада көп өтпей-ақ оңтүстік астананың полиция ұжымын басқаратын кадрдың аты-жөні бұқаралық ақпарат құралдарына тарап кетті. Ол бұған дейін Алматы облысының ішкі істер департаментін басқарған Серік Күдебаев болып шықты. Ал соған дейін Алматы қалалық ішкі істер департаменті бастығының жедел жұмыстар жөніндегі орынбасары болып істеген екен. Жұмысын Жамбыл ауданы ішкі істер бөлімінде жедел уәкіл болып бастаған.
Құрыш Нұрымбет.