Кеше "Тур де Франс" көпкүндігінің төртінші кезеңі өтті. Қатысушылар Систерон - Орсьер Мерлетт арасында 160,5 км қашықтықты бағындырды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Төртінші кезең нәтижесі бойынша Team Jumbo - Visma өкілі Примож Роглич жеңімпаз атанды. Тадей Погачар (UAE Team Emirates) екінші орыннан көрінсе, Гийом Мартен (Cofidis) үздік үштікті қорытындылады.
"Астана" велокомандасы сапынан үздік көрсеткішке Мигель Анхель Лопес жетті. Ол мәре сызығын алтыншы болып кесті. Қазақстандық велошабандоз Алексей Луценко болса мәреге 49-шы болып жетті.
Айта кетерлігі, төрт кезең нәтижесі бойынша "Астана" командалық есепте үшінші орында тұр.