• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Елорда 02 Қыркүйек, 2020

Елорда әкімі аулаларды абаттандыру барысы туралы айтты

500 рет
көрсетілді

Қазір келесі жылы абаттандырылатын аулалар мен қоғамдық кеңістіктер тізімі дайындалуда. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram-дағы парақшасында жазды, - деп хабарлайды Egemen.kz.

«Елорданың келбетін қалыптастыруда, тұрғындардың уақытын жайлы өткізуде аулалардың, тынымбақтар мен гүлзарлар маңызды рөл атқарады. Карантиндік шаралар енгізілгеннен кейін абаттандырылған қоғамдық кеңістіктерге сұраныс арта түсті. Қала тұрғындары таза ауада серуендеуді бағалай бастады.

Өткен жылы біз бірінші кезекте абаттандыруды қажет ететін аулалардың тізімін жасадық. Олардың қатарына қараусыз қалған учаскелер, батпақ және бос қалған жерлер енгізілді. Басымдық оң жағалауға жасалды. Сондай-ақ, апатты үйлер сүрілген жерлерде, құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатқан жерлерде шағын парктер пайда болды.

Абаттандыру бойынша ауқымды жұмыстарға биылғы көктемнен бастап кірістік. Осылайша, биыл Байқоңыр ауданында 50 аула, Сарыарқада – 40, Алматыда – 33, Есіл ауданында 20 аула абаттандырылды. Сонымен бірге 50 қоғамдық кеңістікті абаттандырамыз. Мысалы, осы жазда көпір астындағы демалыс орны алғаш рет абаттандырылды (Сарайшық көшесі, Арқар көпірі). Жаңа кеңістік Триатлон паркі мен Президент саябағын біріктіреді.

Көгалдандыруға ерекше назар аударамыз. Себебі әр отырғызылған ағаш бірнеше жылдан соң экологияға жағымды әсерін тигізіп, адамдардың уақытта тиімді өткізуіне септігін тигізері сөзсіз. Қазір келесі жылы абаттандырылатын аулалар мен қоғамдық кеңістіктердің тізімін дайындап жатырмыз», – деп жазды Алтай Көлгінов.