Өрт сөндірушілер келгенге дейін жедел жәрдем бригадасы көлікжай иесін ауруханаға алып кетті. Бұл туралы Рavlodarnews.kz-ке сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, өткен тәулікте орталық өнеркәсіптік аймақта орналасқан "Литейщик" кооперативтік қоғамындағы автокөлік гаражындағы өрт туралы хабарлама "101" пультіне кеше сағат 15:25-те келіп түскен.
– Бетоннан тұрғызылған гараждың ішінде он алты шаршы метр аумақта қолданыста болған төрт автошина мен ағаш сөрелер жанып кетті. 1978 жылы туған ер адам №1 қалалық аурухананың жансақтау бөліміне үшінші дәрежелі күйік диагнозымен жеткізілді. Жағдайы ауыр деп бағаланады. Оқиға орнында №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің сарбаздары сыйымдылығы алпыс литр жанар-жағар май құйылған канистраны эвакуациялады, – дейді департаментте.
Тілсіз жау сағат 16:00-де ауыздықтап, алты минуттан кейін толығымен сөндірілді. ТЖД өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің тоғыз қызметкері мен екі автоцистерна жұмыс істеді.Қазіргі уақытта өрттің себептері мен келтірілген шығын анықталып жатыр.