Бұдан бұрын Үржар ауданында 8 мектептің құрылысы аяқталып қалғанынан оқырмандарды хабардар еткенбіз. Оның үшеуі биыл пайдалануға берілсе, жақында Қайыңды ауылындағы екі қабатты жаңа мектеп үйі де ұстаздар мен оқушыларға есігін айқара ашты.

Осы оқиғаға орай ауылға арнайы атбасын бұрған аудан әкімі Серік Зайнулдин қайыңдылықтарды қуаныштарымен құттықтады. Ал ауыл тұрғындары мектепті сапалы етіп салып берген «Зәулім-Заңғар» мекемесі басшылары мен құрылысшыларына ризашылықтарын білдірді.
Ауылдағы мектептің алдына субұрқақ, гүлзарлар орнатылса, ішінде асхана, шеберхана мен спорт залы жарқырап көз тартады. Жүз орындық мектеп көпшіліктің көңілінен шықты. Келер жылы Үржар ауданында тағы төрт мектеп іске қосылмақ.
Оңдасын ЕЛУБАЙ,
«Егемен Қазақстан».
Шығыс Қазақстан облысы,
Үржар ауданы.