Қазақстанда бір тәулікте үш бала терезеден құлап, бір бала көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz
Нұр-Сұлтан қаласының Ж.Нәжімеденов көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйдің бесінші қабатынан 2016 жылы туған бала құлап кетеді. Ауыр жарақат алған ол, кейін ауруханада көз жұмды.
Тағы бір қайғылы жағдайдың бірі – Ақтауда болды. 2017 жылы туған бала бесінші қабаттан құлап кетіп, ауруханада қайтыс болды.
Бұдан бөлек, Павлодар облысының Қалқаман ауылындағы тұрғын үйдің төртінші қабатынан 2016 жылғы бала құлап кетеді. Әр түрлі жарақаттарының салдарынан ауруханаға жатқызылды.
Көп жағдайда балалардың құлауы, олардың ата-анасының қарауынсыз қалдыруынан туындайды. Сондай-ақ балалардың терезеден құлауы көбіне күндізгі уақытта болады екен.