• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
30 Қазан, 2013

Кіндік шеше

433 рет
көрсетілді

Елбасымыз «Қазақстан-2050» страте­гиялық бағдарламасында: – Ана мен баланы қорғау, елімізде бала туу санын арттыру және ана мен баланы әлеуметтік қолдаудың міндеттерін белгілеп берді. Сөз жоқ, бұл ел болашағына деген қамқорлықтың бір шарты болып табылмақ.

Елбасымыз «Қазақстан-2050» страте­гиялық бағдарламасында: – Ана мен баланы қорғау, елімізде бала туу санын арттыру және ана мен баланы әлеуметтік қолдаудың міндеттерін белгілеп берді. Сөз жоқ, бұл ел болашағына деген қамқорлықтың бір шарты болып табылмақ.Біз осы бағыттағы аудандағы ана мен бала денсаулығы, соның ішінде іңгәлап дүниеге келіп жатқан сәбилердің жағдайын білмек болып, перзентханаға бас сұқтық. Өкінішке орай, перзентхана бөлімінің жетекшісі еңбек демалысында екен. Бірақ, есесіне ауданда 40 жылға жуық уақыттан бері дүниеге келген сәбилердің «кіндік шешесі» атанып жүрген абзал жанды жолықтырғанымызда нағыз кейіпкерімізді тапқанымызды білдік.

Басқа ұлт өкілі болса да, қазақ тілінде ағып тұрған Надя апайды (Надежда) аудандық перзентхананың жылнамасы деуге болады.

– Осы аудандық перзентханада жұмыс істегеніме тура 37 жыл 4 ай болды. Ауда­нымызда негізінен қазақтар тұрады. Сондықтан қырық жыл ішінде мыңдаған қаракөздердің кіндік шешесі атандым. Сол кіндігін кескен сәбилер бүгінде ата-ана атанып отыр. Енді мен кіндік шеше емес, кіндік әже атана бастаған жайым бар. Әрідегіні есептемегенде, 2000 жылдан бері 664 сәбидің дүниеге келген қабылдауын жасадым. Соның 16-сының кіндігін өзім кестім. Енді ол балалар маған тартады ғой, – деп күлді Надя апай.

– Бөлім меңгерушісі еңбек демалысында болғандықтан, кейбір статистикаға жауап берейін. Биылғы жеті айда сегіз ауылдық округте 90 сәби дүниеге келді. Соның 40-ы Қазталов ауылының үлесінде.

Перзентханаға аяғы ауыр аналарды алдын ала есепке алады. Оларға түрлі кеңестер беріліп, дүниеге келер сәбидің денсаулығының қалыпты болуы үшін емдеу жұмыстарын жүргізеді. Сондай-ақ, тұңғыш перзентін дүниеге әкелетін аналарға көбірек ақыл-кеңес беріледі.

Міне бүгін Д.Ерденова атты жас ана өзінің тұңғышын дүниеге әкелді. Ана да, сәби де қалыпты жағдайда.

Сәбилердің жарық өмірге келуіне атсалысып жүрген гинеколог дәрігерлер И.Ниязова, А.Баев және акушерлер Ғ.Жасқалиева, Ғ.Бөрекешова, Р.Хайдаровалардың есімдерін атауға болады.

– Ата-анаға балаларының өмірге келген қуанышын ең алғашқы болып жет­кізетін біздер. Шаршағанымызды осындай қуаныш­тан кейін ұмытып та кетеміз, – деп аяқтады әңгімесін Надя апай.

Өткен жылы аудандық газетке Мұғамила деген ардагер ана Надя апай туралы мақала жазды. Ол мақалада Надя апайдың ата-анасы қайтыс болған жетім баланың оқу ақысын өз қаражатымен төлеп отырған ізгілік ісін көрсеткен еді.

Қазіргі күнде адамдардың бөтен түгіл, туғанына қолұшын бермейтін кезде, Надя апайдың иманды ісі – нағыз адамшылық қасиеттің биігі деуге болады.

Қазақ сәбилердің кіндік әжесі атанған, жоғары санатты акушер Надежда Степановна Гефнидер осындай абзал жан.

Гүлфия КӨШБАЕВА.

Батыс Қазақстан облысы,

Қазталов ауданы.

Соңғы жаңалықтар