• RUB:
    5.4
  • USD:
    478.57
  • EUR:
    526.91
Басты сайтқа өту
Пікір 04 Қыркүйек, 2020

Кәсіпкерлерге үлкен көмек

211 рет
көрсетілді

Биыл дүние жүзін қамтыған пандемия өміріміздің барлық саласына өзгеріс енгізді. Қиындықтар туындады, кедергілер кездесті.

Әсіресе кәсіпкерлік саласы айтарлықтай зардап шекті. Алынған несиелер, өзге де төлемдер жұмысы тоқтап тұрған кәсіпкерлер үшін айтарлықтай проблемаға айналды. Еліміздегі эпидемиялық ахуалға орай қабылданған шектеу шаралары бизнес өкілдерінің жұмыс істеуіне әлі де мүмкіндік бермеуде.

Мемлекет басшысы Жолдауында осындай қиындықта қалған отандық өнім өндірушілерге жан-жақты қолдау көрсетілетінін айтты. Ол үшін Үкімет пен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына нақты механизм қалыптастыру жөнінде тапсырма берілді. Сондай-ақ Президент кәсіпкерлерге кедергі келтіру өте ауыр қылмыс ретінде қаралатындығын да жеткізді. Бұл ретте арнайы нормативтік құжат әзірленбек. Кәсіп иелері үшін ең үлкен жаңалық – пандемияға орай наурыз айынан бастап ең зардап шеккен бизнес өкілдерінің қолданыстағы несиесі субсидияланатын болды.

Біздің өңір ауыл шаруашылығы бағытындағы аймақ болған соң шағын шаруашылықтарды кооперацияларға біріктіруді белсенді жүргізу керек деген ұсыныс көңілден шықты. Сондай-ақ алдағы уақытта агроөнеркәсіпті дамытуға арналған 5 жылдық мемлекеттік бағдарлама қабылданатыны да қуантады.

 

Ғалымбек ЖАҚСЫЛЫҚОВ,

Қызылорда облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры