• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 04 Қыркүйек, 2020

Қырымбек Көшербаев: Қазақ зиялылары – ұлттың ұлы мақсатына адастырмай апаратын темірқазығы болуы керек

321 рет
көрсетілді

Президенттің "Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі" Қазақстан халқына Жолдауын зиялы қауым өкілдерімен талқылау барысында Мемлекеттік хатшы Қ.Көшербаев Зиялы қауымның жаңа кезеңдегі жаңа миссиясына тоқталды, - деп хабарлайды Egemen.kz.

"Қай дәуірде де қазақ зиялылары өз қоғамында мәртебелі миссиясын атқарып келеді. Мысалы, өткен ғасырдың алпысыншы жылдарында қаламгерлер ұлттың рухын көтерді. Ұлт жазушылары жылымық кезеңде (оттепель) ел мүддесімен өзектес шығармаларды өмірге әкелді. Тәуелсіздіктің алғашқы  жылдарында зиялылар халықты береке-бірлікке шақырды, ұлттық құндылықтарды түгендеп, тарихымызды жаңғыртуға өлшеусіз үлес қосты. Жаңа тарихи кезеңде қазақ зиялыларының ендігі міндеті – ұлт болмысының жаңа қағидаттарын қалыптастыру, ұлт сапасын арттыруға атсалысу. Сіздер – қазақ зиялылары – ұлттың ұлы мақсатына адастырмай апаратын темірқазығы болуларыңыз керек!" - деп атап өтті Қ.Көшербаев.