• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Елорда 04 Қыркүйек, 2020

М1 көпіріндегі қозғалыс 5-10 қыркүйек аралығында тоқтайды

249 рет
көрсетілді

М1 көпірінде Қошқарбаев даңғылынан бастап көлік айрығына дейінгі учаскеде 5-10 қыркүйек аралығында қозғалыс жартылай жабылады, деп хабарлайды Egemen.kz әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

 

 

 

 

Елорда тұрғындары мен қонақтары жол жүру бағыттарын алдын-ала жоспарлауы қажет, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қошқарбаев даңғылынан бастап көлік айрығына дейінгі учаскеде М1 көпірінде маршруттық әдіспен орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Осыған байланысты 5-10 қыркүйек аралығында автокөлік қозғалысы үшін көше ішінара жабылады.

"Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін өз маршруттарын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстары жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз", – деп атап өтті Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы.