Ағымдағы жылдың көктемінде Қазақстанда мемлекеттік қызмет саласын жүйелі реформалаудың жаңа белесі басталды. Іске асырылып жатқан реформаның негізгі басымдықтары Мемлекет басшысымен Мемлекеттік қызметтің жаңа моделінің тұжырымдамасында айқындалып, бекітілген болатын. Тиісті нормативтік-құқықтық негізі қабылданып, жаңа басқарушылық «А» корпусы қалыптасты, «командалық ауысуды» азайту, конкурстық рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз ету үшін және конкурс өткізу мерзімін қысқарту мақсатында тиісті тетіктер белгіленді.
Ағымдағы жылдың көктемінде Қазақстанда мемлекеттік қызмет саласын жүйелі реформалаудың жаңа белесі басталды. Іске асырылып жатқан реформаның негізгі басымдықтары Мемлекет басшысымен Мемлекеттік қызметтің жаңа моделінің тұжырымдамасында айқындалып, бекітілген болатын. Тиісті нормативтік-құқықтық негізі қабылданып, жаңа басқарушылық «А» корпусы қалыптасты, «командалық ауысуды» азайту, конкурстық рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз ету үшін және конкурс өткізу мерзімін қысқарту мақсатында тиісті тетіктер белгіленді.
Жүзеге асырылып жатқан түрлендіру бағыттарының бірі мемлекеттік органдардағы кадр қызметтерінің рөлін арттыру болып табылады. Заңда кадр қызметі персоналды басқару қызметі ретінде атап көрсетілді. Негізгі міндеті – мемлекеттік органның персоналды басқарудың біртұтас жүйесін құру деп белгіленді. Персоналды басқару қызметінің (кадр қызметі) мемлекеттік органның басқа құрылымдық бөлімшелерінен ұйымдық жағынан дербес болатындығы, жауапты хатшыға немесе аппарат басшысына, ал аталмыш лауазымдар енгізілмеген мемлекеттік органдарда мемлекеттік органның басшысына тікелей бағынатындығы атап көрсетілген.Заңмен тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдар үшін тиісті атқарушы органдардың басшыларын тағайындауға құқығы бар адамның шешімімен персоналды басқарудың бірыңғай қызметін (кадр қызметін) құруға мүмкіндік берілген.Осы жаңалықты енгізуге Жамбыл облысында былтырғы жылы өткізілген эксперимент негіз етіп алынды. Облыстағы 10 аудан мен өңір орталығындағы 285 атқарушы органда 288 қызметкер кадр жұмыстарымен айналасып келді. Аудан әкімдігінің бөлімдері мен ауылдық округ әкімі аппараттары көбінесе штаттық саны 3-5 бірліктен тұратынын ескерсек, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, әрбір мемлекеттік органда конкурстық, аттестаттау және тәртіптік комиссиялар болды. Ол дегеніміз, штаттық саны аз мемлекеттік органдардың қызметкерлері осы комиссиялардың мүшелері болып табылатын. Яғни, бірін-бірі іріктеп, аттестаттаудан өткізіп, тәртіптік жауапкершілікке тартады. Әрине, осы комиссиялардың жұмысы және тұтастай алғанда кадр жұмысы формальды түрде жүргізілген және мекеме басшысының шешімін рәсімдеумен шектелгені рас.Одан қалса, кадр қызметінің функциялары бір қызметшіге өзінің міндеттерінен бөлек қосымша жүктеме ретінде міндеттелген. Сондай-ақ, құжат айналымы мен мемлекеттік қызметшілердің дербес істерін жүргізумен байланысты түйткілдердің орын алуы тағы бар.Осы қалыптасқан тәжірибені саралай келе Жамбыл облысында мемлекеттік қызметтегі бірыңғай кадрлық саясатты тиімді жүзеге асырумен тікелей айналысатын, сондай-ақ, персоналды басқару бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін және оны арттыруды қамтамасыз ететін орталықтандырылған бірыңғай кадр қызметін құру жұмыстары басталды.Бірыңғай кадрлық қызметтің міндеттеріне: мемлекеттiк органда мемлекеттік қызмет және еңбек қатынастары саласындағы заңнамалардың орындалуын үйлестіру; мемлекеттік органдағы кадр қажеттілігіне ағымдағы және келешекті жоспарлауды енгізе отырып, оның персоналды басқару стратегиясын әзірлеу және оны іске асыру; мемлекеттік органның кадрлық құрамын қалыптастыру, персоналдың кәсіби дамуын және мемлекеттік қызметті сапалы өткеруін қамтамасыз ету; аудандық деңгейде кадрлық жұмысты басқарудың құрылымын оңтайландыру; мемлекеттік органдардағы кадрлық қызметтерінің ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық бөлімшелерімен әрекет ету жүйесін жетілдіру жатқызылды.Осылайша, тиісті қызметтер құрылып, 2012 жылдың 1 қазанынан бастап аудандарда және Тараз қаласында, штаттық құрамы 3 бірліктен тұратын, персоналды басқарудың бірыңғай қызметтері (кадр қызметтері) жұмыс атқаруда. Персоналды басқару қызметкерлердің алдына корпоративтік мәдениетті қалыптастыру және мемлекеттік органда әлеуметтік-психологиялық еңбек ахуалын дамыту міндеттері қойылды.Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік органдардың персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) туралы үлгілік ереженің негізінде персоналды басқарудың бірыңғай қызметі туралы ережелер әзірленіп бекітілді.Атқарылған жұмыстардың негізінде төмендегі нәтижелерге қол жеткізілді. Олар мыналар: біріншіден – іс жүзінде саны қысқартылмай облыс бойынша аудандық буындағы жергілікті атқарушы органдардың кадрлық жұмыспен айналысатын қызметкерлерінің саны 9,6 есе қысқарды. Бұл өз кезегінде жергілікті атқарушы органдар басшыларының және ондағы қызметкерлердің кадрлық жұмыстарын жүргізу сияқты қосымша жүктемеден босатылып, олардың пәрменділігін мемлекеттік органның салалық қызметіне шоғырландыруға мүмкіндік туғызды; екіншіден – кадрлық жұмыстарды жүргізуде білікті көзқарас қалыптасты. Кейбір қызметшілер ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында қысқа мерзімді оқу курстарынан өтті. Бөлімдер персоналдың дербес істерін, еңбек кітапшаларын тиісті нұсқамаларға сәйкес сақтауға қажетті құрал-саймандармен жабдықталды. Әрбір аудан бойынша кадр қызметтерімен жиі жаңартылып тұратын мемлекеттік қызметшілердің электронды дерек қоры қалыптастырылды; үшіншіден – кадрларды іріктеудің тиімділігін қамтамасыз етудегі бірінші басшының және кадр қызметтерінің рөлі мен жауапкершілігі артты. Кейбір жерлерде аудан әкімі немесе кадр қызметінің басшылары комиссия құрамында төрағасы болып табылатын бірыңғай конкурстық комиссиялары құрылып жұмыс істеуде. Сондай-ақ, бүгінгі күні жергілікті жердегі мемлекеттік органдарда бар тиісті мемлекеттік қызмет лауазымына қойылатын арнайы біліктілік талаптарды бірыңғай кадр қызметтері әзірлеуде, яғни оларды әзірлеуде бірыңғай кәсіби көзқарас қалыптасуда деуге толық негіз бар. Қазіргі уақытта бос лауазымдарға орналасуға арналған конкурстар бір мемлекеттік органда әзірленіп, бір жерден жариялану үстінде. Бұл тиісінше, азаматтардың сәйкесті жұмыс іздеу мәселесінде және конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар ұсыну барысын жеңілдететіні хақ. Сондай-ақ, жергілікті жерлерде тиімді жұмысы үшін аудан әкімі болып табылатын бірінші басшының жауапкершілігі белгіленген бірыңғай тәртіптік комиссиялары да құрылған; төртіншіден – жергілікті атқарушы органдардың уәкілетті органмен қызметтік байланысы жақсарды. Бұл мемлекеттік қызметтің мониторингі сапасына, оның шынайылығына, уақтылы жүргізілуіне оң әсерін тигізуде. Персоналды басқарудың бірыңғай қызметі мамандарының жергілікті жерде орын алған ахуалды кадрлық жағдайы мен кадр әлеуетіне талдау жасай бастады. Кадр сапасының жағдайын жақсарту тетіктеріне байланысты негізді ұсыныстар берілуде.Міне, осындай жұмыстардың нәтижесінде персоналды басқару қызметі кадрларды жоспарлау, іріктеу, ілгерілету және кәсіби дамуын қоса алғанда, персоналды басқару стратегиясын әзірлеу мен іске асыруға тікелей қатысуына қол жеткізіп отырмыз. Болат ИСАҚОВ,Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы.ТАРАЗ.