• RUB:
    5.28
  • USD:
    481.63
  • EUR:
    534.46
Басты сайтқа өту
Теннис 07 Қыркүйек, 2020

Путинцева жеңісті жолын жалғады

142 рет
көрсетілді

Қазақстандық теннисші Юлия Путин­цева АҚШ ашық біріншілігінде кезекті жеңісіне қол жеткізді.

Қазақстан құрамасының өкілі үшінші ай­на­лымда белорустық Александра Сос­но­вичті ұтты. Екеуара кездесу 2 сағат 1 ми­нут­қа созылып, 3:6, 6:2, 6:1 есебімен аяқ­талды. 

US OPEN-2020 додасының төртінші кезең­інде Путинцеваның қарсыласы Хорва­тия өкілі Петра Мратич болады. Төртінші айналым 6 қыркүйек күні түнде өтті.

 

Соңғы жаңалықтар