Үндістан коронавирус жұқтырғандар саны бойынша әлемде екінші орынға шықты. 4,2 миллионнан астам адамнан індет анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
7 қыркүйекте әлемде коронавирусты жұқтырғандар саны 27 105 151-ге жетті, оның ішінде 883 342 адам қайтыс болған. Ал 18 138 866 адам ауруды жеңіп шыққан.
Бірінші орын - АҚШ-та 6 276 421 адамнан індет анықталды, 2 315 995 адам сауығып шықты, 188 941 адам қайтыс болды.
Екінші орын - Үндістанда 4 204 613 жағдай тіркелді, 3 250 429 адам сауығып шықты, 71 642 адам қайтыс болды.
Үшінші орын - Бразилияда 4 137 521 жағдай тіркелді, 3 522 155 адам сауығып шықты, 126 650 адам қайтыс болды.
Төртінші орын - Ресейде 1 022 228 жағдай тіркелді, 838 680 адам сауығып шықты, 17 768 адам қайтыс болды.