Бүгінде праймеризге қатысушылардың саны бойынша Алматы қаласы көш бастап тұр, деп хабарлайды Egemen.kz
Себебі өтініш білдіргендердің басым көпшілігі шағын және орта бизнес субъектілері мен үкіметтік емес ұйымдардардың өкілдері. Осылайша, Nur Otan партиясына қарасты Алматы қалалық филиалының праймеризге қатысушылары өздерінің үгіт-насихат жұмыстарын бастап та кетті.
Қазіргі күні Алматы қаласы бойынша 230 үміткер тіркелді. Оның ішінде 185 адам "Мәслихатқа", ал 45-і "Мәжіліске" өтінішін берген.
Ең қызығы, бір депуттатық орынға 10-нан аса қатысушы үміттеніп отыр. "Nur Otan" партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Станислав Канкуровтың айтуынша, қатысушылардың орташа жасы 42 жасты құрайды.
Осы күнде Алматы шаһары шағын және орта бизнес субъектілері өкілдерінің саны бойынша көш бастап келеді. Мәселен, ШОБ секторы – 53%, ұйымдар мен компаниялар саны 122 болса, үкіметтік емес ұйымдардар – 14,3% құрап отыр. Ал 33-ке жуық компания республика бойынша праймеризге қатысуға ниет білдірді.
Естеріңізге сала кетейік, кандидаттардың үгіт-насихат жұмыстары ZOOM арқылы өткізіледі. Бастауыш партия ұйымдарының төрағаларымен онлайн-кездесулер, ашық алаңдарда немесе санитариялық нормаларды қатаң сақтай отырып, желдетілетін үй-жайларда офлайн-кездесулер арқылы жүргізілетін болады. Сондай-ақ, Nur Otan партиясы филиалдарының ресми аккаунттары арқылы Тікелей эфир ұйымдастырылады.
Сонымен қатар 14 қыркүйектен бастап, Алматының әр ауданында праймериз қатысушылары пікірсайысқа қатысады. Ол үшін ашық түрде жеребе тастау және қатысушыларды бөлу жүргізіледі. Үгіт-насихат және пікірталас 3 қазанға дейін жалғасады. Нәтижелері осы жылдың 5 қазанында белгілі болады.
Жеңімпаздар Парламент және жергілікті органдар бойынша партия депутаттығының тізіміне енеді.