7 қыркүйек күні сағат 20.25-те елордалық өрт сөндіру қызметінің "101" пультіне Ш.Айманов көшесі, 24 мекенжайында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті.
Мәліметтер бойынша 5 қабатты өндірістік цех ғимаратының 3-қабатында ашық жану орын алып, одан кейін жоғары орналасқан қабаттарға таралған.
Ауданы 200 шаршы метр өрт сағат 21.14-те ауыздықталып, сағат 22.20-да жойылды.
Жалпы өртті сөндіруге Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД жеке құрамынан 41 адам және 10 бірлік техника жұмылдырылды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.