• RUB:
    4.69
  • USD:
    513
  • EUR:
    541.16
Басты сайтқа өту
Саясат 08 Қыркүйек, 2020

Жемқорлыққа қарсы бірігіп күреседі

252 рет
көрсетілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен Қазақстан мен Сербияның жемқорлыққа қарсы ведомство басшылары Алик Шпекбаев пен Драган Секимичтің онлайн кездесуі өтті.

Екіжақты талқылаудың негізгі тақы­рыбы – сыбайлас жем­қор­лыққа қарсы іс-қимылды күшейту, жемқорлық фактілері  туралы ха­бар­лаған адамдарды (whistle­blowing) қорғаудың кешенді жүйесін қалып­тастыру, құқық қорғау орган­да­ры­ның қызметкерлерін, судьяларды, пара берушілер мен парақорлықтағы делдалдарды жемқорлық қылмыстары үшін жазаны қатаңдату бөлігінде Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамаларды іске асыру.

 «Біз қоғамдық сұранысқа жа­уап бере отырып, сыбайлас жем­қор­лыққа қарсы іс-қимылды күшей­ту, заң үстемдігін нығайту және адам құқықтарын қорғау бойынша жұмыстар атқарудамыз», – деді Алик Шпекбаев. Одан әрі серб әріптестеріне агенттіктің қызметі туралы бейнеролик көрсетілді.

Өз кезегінде Драган Секимич: «Бүгінгі кездесу жаңа жемісті және ұтымды серіктестіктің бастауы бола­ды деп үміттенемін. Біз өз тәжіри­бе­мізбен және білімімізбен бөлісуге қуаныштымыз». Сондай-ақ ол Қа­зақстанның тәжірибесін жоғары бағалап, қабылданып жатқан шара­лардың үдемелі үрдісін атап өтті.

Сербияның «хабаршыларды қор­ғаудың алтын стандарты» ерекше назар аударуға тұрарлық. Бұл жеке заңмен реттелетін жүйе, онда фи­зикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жұмыс орнындағы кемсітушілікті болдырмау және сыбайлас жем­қор­лық фактілерін үш сатылы хабарлау қамтылады.

Хабарлаушылар 10 жылға дейін мемлекеттің қамқорлығында бола оты­рып, одан әрі қудалаудан қорық­пай уә­кілетті органдарға, БАҚ-қа жә­не қо­ғамдық ұйымдарға жүгіне алады.

Сербия лоббистік қызметті реттеу туралы заң қабылдаған бірнеше елдің бірі екендігін атап өткен жөн. Оның ішінде, оқыту, емтихан тапсыру және сертификаттау кезеңдері реттелген. Аталған заңна­ма мемлекеттік басқару органда­ры­ның ашықтығын арттыру арқы­лы қоғамдық мүдделерді қорғай­ды, лоббистердің адалдығы мен жауап­кер­шілігін тиісті ережелер арқылы нығайтады.

Сонымен қатар Секимич мырза мемлекеттік қызметшілердің мүліктері мен активтерінің тізілімін жүргізуге және партияның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттікке қар­жылық есеп беру міндеттілігіне назар аударды.

Қазақстандық тарапты мем­ле­кеттік органдардың өзін өзі талдау мен бағалауға бағытталған пара­сат­тылық жоспарларын іске асыру тәжірибесі қызықтырды. Белгілі бір органның немесе ұйымның қызмет­керлері ықтимал «тайғақ жолдар» туралы біле отыра, тек өздері сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін жауапкершілікті қабылдап, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауынан қорғай алады.

Кездесу соңында тараптар тә­жі­рибе алмасуға дайын екендіктерін білдіріп, бірқатар сыбайлас жемқор­лыққа қарсы бастамалар мен жобаларды бірлесіп іске асыру туралы уағдаласты.