Болгария астанасының маңындағы "Фракия" тас жолында туристік автобус өртенді, деп хабарлайды Egemen.kz ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Болгар ұлттық теледидарының хабарлауынша, оқиға түн ортасында автобус Софиядан Ыстамбұлға бара жатқан жолда болған. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.
"Жолаушылар - Түркия азаматтары, олар сәтті эвакуацияланды. Алайда олардың жүктері толығымен өртеніп кетті. Автомагистраль бойымен қозғалыс бірнеше сағатқа тоқтатылды. Қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр", делінген хабарламада.