• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Аймақтар 08 Қыркүйек, 2020

Бауыр циррозына шалдыққан екі науқастың жасушалары ауыстырылды

670 рет
көрсетілді

Ақтөбедегі Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан  мемлекеттік медицина университетінің Медицина орталығында  бауыр циррозына шалдыққан екі науқасқа ота жасалынып, фетальды жасушалары ауыстырылды.  Қазір екі азаматтың жағдайы бірқалыпты тұрақты, олар палатаға ауыстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Айта кету керек, бұрын мұндай күрделі ота Нұр-Сұлтан қаласында жасалынып жүргенімен, жергілікті дәрігерлер бұрын-соңды  мұндай тәуекелге  барып көрмеген  еді.  Бауыр ауруының асқынған түріне шалдыққан  науқастарға  қазіргі медицинадағы соңғы әдістердің бірі – жасушалы терапияның жаңа бағытын қолданып ем жүргізген ақтөбелік дәрігерлер   медицинаның жоғары технологиялық әдістерін меңгере бастағандарын дәлелдеді.   

Бүгін облыс әкімі Оңдасын Оразалин Медицина орталығына барып, отадан шыққан екі науқастың жағдайын сұрап кіріп шықты, содан кейін  жасушалы емдеу тәсілдерін қолданып ем жүргізетін дәрігерлермен жүздесті.  Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің  профессоры Самат Сапарбаевтың айтуынша,   жасушалы емдеу әдісін бауыр, тері ауруына шалдыққандар мен  қант диабетімен науқастанғандарға  да қолдануға болады.

Ол бауырына күрделі ота жасалған екі азаматқа   фетальды гепатоциттер арқылы ем жүргізілгенін  хабарлады. Дәрігерлердің айтуынша, жасушалы емдеу тәсілі науқастардың отадан кейін аяқтан тез тұруына себепші, әрі медицинада  тиімділігі жоғары. Оңдасын Оразалин емделңп жатқан азаматтардың  тез сауығып кетулеріне тілектестігін білдіріп,  білікті дәрігерлердің қызметіне сәттілік тіледі.