• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Саясат 09 Қыркүйек, 2020

Қылмыс саны азайып келеді

228 рет
көрсетілді

Адам құқығы қашанда маңызды. Демократиялық ел болудың алғышарты да, негізгі тірегі де – осы. Сондықтан еліміз адам құқығының аяқасты қалмауын үнемі алдыңғы орынға қояды. Бұл туралы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-баспасөз мәслихатында Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов баяндады.

Осы мәселені Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Қазақ­стан халқына Жолдауында да айрық­ша атап өтті. «Бізге азаматтардың құ­қығын заманауи тұрғыдан қорғауды қам­тамасыз ететін және жоғары халық­аралық талаптарға жауап беретін үлгі керек», деді Президент. Ендігі мә­се­ле Мем­лекет басшысы алға қойған жұ­мыстарды жүйелі жүзеге асыру болып отыр.

– Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйекте Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Жолдау өте ма­ңыз­ды. Әсіресе халықты әлеуметтік қол­­дау жағынан. Президент көтерген тағы бір мәселе – адам құқығы. Оны қор­­ғау­ды әрі қарай күшейту. Жалпы, тәуел­­сіз­дік жылдары қоғамдық тәртіпті күшей­ту, адамның құқығын қорғау жолында сатылы түрде жұмыстар жасалуда. Атқар­ған жұмыстар туралы осы жер­де бірнеше рет баяндадық, – деді М.Ах­мет­жанов.

Оның айтуынша, Президенттің был­тырғы Жолдауына сәйкес, адам өмірі мен денсаулығына аса қауіпті қасақана қылмыстар үшін жаза күшейтілді. Атап айтсақ, адам өлтіру, зорлау, педофильдер, экстремистер, кәнігі ұрылар, браконьер­лер, есірткі тарату үшін жаза қатаң­дады. Бұл өзгерістер желтоқсан айында Парламент қабыл­даған заңда орын тапты. Заңдағы түзе­ту­лер нәтиже­сінде ел ішінде тәртіп нығайып, қыл­мыс саны азая түсті. Прези­денттің был­тыр­ғы Жолдауында қабыл­данған шара­лар нәтижесінде елімізде тіркелген қыл­мыстық заң бұзушы­лықтардың саны ке­міпті. Биыл сегіз айда өткен жылдың осы мерзімімен салыс­тыр­ғанда жасалған қылмыстық заң бұзу­шы­лықтар саны 35%-ға (былтыр – 174 мың, биыл – 113,6 мың) азайып отыр.

Баспасөз мәслихаты барысында М.Ахметжанов БАҚ өкілдеріне алдағы атқарылатын жұмыс жоспарларымен бөлісті. Бұл жұмыстарда басты назар Президент атап өткендей, заңдылық пен әділеттілікті сөзсіз қамтамасыз етуге бағытталатын болады.