• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Саясат 09 Қыркүйек, 2020

Мәскеуде Қазақстан мен Ресей СІМ басшыларының келіссөздері өтті

342 рет
көрсетілді

Шанхай ынтымақтастық ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына қатысу аясында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Келіссөздер барысында сыртқы саяси ведомстволардың басшылары саяси, экономикалық, транзит-көліктік салалардағы қазақстан-ресей ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын, ТМД, ЕАЭО, ҰҚШҰ, ШЫҰ және АӨСШК сияқты халықаралық ұйымдар мен өңірлік интеграциялық бірлестіктер аясындағы екі елдің өзара іс-қимылын талқылады.

Келіссөздердің негізгі тақырыптары - халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, оның ішінде жаһандық және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Тараптар сондай-ақ осы жылдың соңына дейін жоспарланған аса жоғары және жоғары деңгейдегі екіжақты және көпжақты іс-шараларды дайындау мәселелерін талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша 2000 жылғы 9 қазандағы Астрахань қаласында Қазақстан Республикасының консулдығын және Орал қаласында Ресей Федерациясының консулдығын ашу туралы үкіметаралық келісімге Хаттамаға қол қойылды.

Құжатқа сәйкес Астраханьдағы ҚР консулдығы Астрахань, Волгоград, Орынбор, Самара және Саратов облыстарының аумақтарын қамтитын Бас консулдыққа айналады.