2020 жылдың бірінші жартыжылдығында Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің Ұлттық сараптама орталығының Алматы қаласы бойынша филиалына сараптамаға 434 тамақ өнімдерінің және 120 балалар ойыншықтарының үлгілері жеткізілді. Барлық сынамалар Алматы қаласы бойынша тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің халық тұтынатын тауарлар сапасының мониторингі шеңберінде сатып алынды.
Зертханалық зерттеулер нәтижесінде Ұлттық сараптама орталығының мамандары 219 азық-түлік сынамасында таңбалау бойынша бұзушылықтарды анықтады. Өнімдерде құрамы, жарамдылық мерзімі, өндіруші және сақтау шарттары туралы ақпарат көрсетілмеген. Сәйкес келмейтін сынамалардың ең көп саны кондитерлік және нан-тоқаш өнімдерінде болды. Барлығы – 43. Атап айтқанда, «Монетки» кәмпиттері, «Баян-Сұлу» кәмпиттері, «Мир кексов» бисквитті торты, «Mummy’ s cake», «Муравейник» тәтті наны, «Далматово» кептірілген ванилі, «Ассорти» французша қабатталған тоқаштары, көкжидек қосылған белевская пастиласы, «Samelle» пахлавасы, пряниктер, сұлы печеньесі, жержаңғақ қосылған кекс, «Бал шырын» бал қосылған бәліші, «Тимоша» козинактары, шоколад дәмі бар сироп, «Love is» сағызы, шайнайтын кәмпиттер, «Сrunchy» жидекті мюслиі, бал, қант талапқа сай келмей шықты. Бұл өнімдер Қазақстанда, Ресейде, Францияда және Түркияда өндірілген.
Жеміс-көкөніс өнімдерінің 33 сынамасында таңбалауға қойылатын талаптардың бұзылғаны анықталды: «Olevi» таңқурайдан жасалған тосабы, саңырауқұлақ қосылған ашытылған қырыққабаты, маринадталған жасыл бұрыш, табиғи лечо, «Лазджан» ащы дәмдеуіші, «Ткемали ОДА» соусы, «Baruto» маринадталған зімбірі, құрма, «Kuhne» кілегейлі желкегі, «La Molisana» картоп тұшпарасы, консервіленген зәйтүндер, «Pelati» тазартылған тұтас қызанақтары, «Olevi» құлпынай джемі, мұздатылған көкөністер, «Aroy-D» кокос кремі, «ЖЯН СИФУ» бұрышты соусы, «Маш-Маш» құрмасы, «Elite dates», «Kuhne smoked Pepper BBQ» ысталған бұрыш қосылған қызанақ барбекю соусы. Өндіруші елдер: Қазақстан, Ресей, Қытай, Иран, Италия, Германия, Таиланд.
Мониторинг нәтижелері көрсеткендей, 25 сәйкес келмейтін сынама балық консервілерінен табылды. Мәселен, «Морская держава» ысталған килькадан жасалған шпрот паштеті және «Штурвал» майындағы Балтық килькасынан (ұшадан) жасалған шпрот, «Штурвал» майынан жасалған шпрот, «Штурвал» томат тұздығындағы килька, майшабақ филесі, балтық килькасынан жасалған майлы майшабақ, «Доброфлот» теңіз қырыққабатынан жасалған салат. Бұл өнімдерді Ресей мен Қазақстан өндірген.
Сонымен қатар ойыншықтардың 112 үлгісінде таңбалау бойынша сәйкессіздіктер анықталды. Көбінесе тұтынушылар ойыншықтың атауын, өндіруші ел, өндіріс орны, импорттаушы, мақсаты, материалдың құрамы, шығарылған күні туралы біле алмайды. Мемлекеттік және орыс тілдерінде таңбалау жоқ.
Алматы қаласы бойынша тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті техникалық регламенттер талаптарының сәйкессіздігі анықталған жағдайда барлық жеке кәсіпкерлерге Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық-эпидемиялық салауаттылығы саласындағы заңнамасы талаптарының бұзылуын жою туралы нұсқама берді.
Ұлттық сараптама орталығының мамандары қазақстандықтарды тамақ өнімдері мен ойыншықтарды таңдауда мұқият болуға шақырады. Ең алдымен, өнімді таңбалауға, оның қаптамасына, сақтау шарттары мен жарамдылық мерзіміне назар аудару керек.