Ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин тағы бір лауазымға тағайындалды. Ол қазақстандық спортшылар Одағының Қызылорда облысы бойынша филиалын басқарады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл туралы спортшы өзінің Instagram парақшасында айтты.
Бұл туралы спортшы өзінің инстаграм парақшасында жазды.
"Мен Қызылорда облысының қазақстандық спортшылар одағының филиалын басқаратын болдым. Филиал ресми түрде 2020 жылдың 1 қыркүйегінде тіркелді. Алда менің туған аймағымда спортты дамыту бойынша маңызды жоспарлар тұр. Мен болашаққа биік мақсат қоямын және оларды міндетті түрде жүзеге асырамыз", деп жазды ол.
Айта кетейік, 31 жастағы Ильин 2005, 2006, 2011 және 2014 жылдары әлем чемпионатының жеңімпазы атанды. 2016 жылы ол допинг сынамаларын қайта тексергеннен кейін 2008 және 2012 олимпиадаларында алтын медальдардан айырылып, екі жылға спорттан шеттетілген еді.