• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Қыркүйек, 2020

"Жер алып беремін" деп, жер сипатып кетті

256 рет
көрсетілді

Қызылорда облысы Полиция департаменті тарапынан алаяқтық қылмыстардың алдын алу және болдырмау бағытында атқарылып жатқан жүйелі жұмыстарға  қарамастан, облыс көлемінде өзгенің меншігін алдау арқылы иеленіп, азаматтардың құқына қол сұғу деректері әлі де орын алуда, деп хабарлайды Egemen.kz.

8 қыркүйек күні Қызылорда қалалық Полиция басқармасының кезекші бөліміне облыс орталығының 48 жастағы тұрғынынан арыз түсті. Белгісіз біреу "10 сотық жер алып беремін" деген желеумен  750 мың теңге ақшасын алған. Оны аз көрген алаяқ сол күні тағы бір тұрғынға дүкеннің құжаттарын дұрыстап беруге уәде етіп, ақысына 220 мың теңгені қалтаға басқан.

Полиция қызметкерлері екі дерек бойынша іздестіру жұмыстарын жүргізіп,  Қызылорда қаласының 46 жастағы тұрғыны  ұсталды.

Қазіргі таңда аталған деректер  бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 190-бабының 2-бөлігімен (алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

 

Қызылорда облысы