• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Экология 11 Қыркүйек, 2020

Заңсыз бекіре балығын аулаған атыраулықтар құрықталды

218 рет
көрсетілді

Заңсыз бекіре балығын аулаған атыраулықтар ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz

Атырау полицейлері заңсыз жолмен бекіре балығын аулаған екі ер адамды қолға түсірді.

8 қыркүйек күні Полиция департаментінің Балық қорына қылмыстық қол сұғушылықпен күрес бөлімінің қызметкерлері Жайық өзеніндегі рейдтік іс-шаралар барысында Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының қызметкерлерімен бірлесіп (рыбоохрана) “Yamaha-40” аспалы қозғалтқышы бар Бударка қайығын тоқтатты.

Тексеру кезінде қайықтағы Дамба ауылының 36 жастағы екі тұрғынынан екі қапқа салынған жалпы салмағы 60 келіге жуық бекіре тұқымдас балықты, сондай-ақ 40 келі сазан мен ау-тор тәркіленіп алынды.

Қазіргі уақытта екі азамат уақытша ұстау орнында. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру Қылмыстық кодекстің 335-бабы (Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерін заңсыз алу) бойынша жүргізілуде.