• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Оқиға 14 Қыркүйек, 2020

Нұр-Сұлтаннан Жидебайға велосипедпен жеткен

492 рет
көрсетілді

Мыңдаған ша­қырымды велосипедпен артқа тастау әсте оңай емес. Жуықта хакім Абайдың 175 жылдығына орай «Нұр-Сұлтан – Жидебай» бағытында мульти велошеру өтті. Велошерудің қашықтығы мың шақырым.

Ернат Мелсұлы бастаған велошабандоздар 2 қыркүйекте Нұр-Сұлтаннан шығып, Ерейментау, Екібастұз, Пав­лодар, Семей қалаларын басып өтіп, 11 қыр­күйекте Жидебайдағы «Абай-Шә­кәрім» мавзолей кешеніне жетіп тоқтаған. Велошерудің мақсаты – Абай­дың өнегелі өмірін, бай мұрасын наси­хаттауға атсалысу, жастарды елді, жер­ді сүю­ге үндеу және халықты саламатты өмір салтын ұстануға шақыру еді.

Велошабандоздар елді мекендерді басып қана өткен жоқ, табан тіреген әр қаланың тарихын тануға тырысты. Тұр­ғындарымен, шежірешілермен әңгі­ме тарқатысты.

– Абайтанушы Ғарифолла Есім Аққулының тумасы екенін білмейді екенбіз. Біз сол ауылда қондық, елмен әңгімелестік. Семейге 38 шақырым жетпей сол жағымызда 1800 жылдары салынған мешіт көрінді. Сұрастырсақ, ғимарат бір шегесіз салынған екен, – дейді ағылшын тілінің оқытушысы-аудармашы Ернат Мелсұлы.

Ал Алаш астанасы – Семейге жеткен азаматтар Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойды, мұражайларды аралады. Таным көкжиектерін кеңейтті. Велошабандоздардың айтуынша, ауыры­п ем іздегенше саламатты өмір сал­тын ұстанып, ауырмайтын жол ізде­геніміз абзал. Әр адам жұмысына, серуенге велосипедпен шықса уақытын да, ақшасын да үнемдейді. Әлбетте денсау­лығын нығайтуға зор әсерін тигізеді.

Велошабандоздарды Абай елі құ­шақ жая қарсы алды. Мұнда олар Абай­дың рухын сезініп, өмірімен, шығар­­машылығымен танысады, өздері де тарихты насихаттауға үлес қосады.

 

Шығыс Қазақстан облысы