• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Теннис 15 Қыркүйек, 2020

Румынияда топ жарды

169 рет
көрсетілді

Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов халықаралық ITF Romania F5 додасының жеңімпазы атанды, деп хабарлады Olympic.kz.

Румыния астанасы Бухарестте халық­аралық жарыс өз мәресіне жетті. Ақтық финалда қазақстандық теннисші италиялық Франко Агаменонемен кездесті. Екеуара кездесу 6:4, 6:4 есебімен аяқталып, Скатов жеңіске жетті.

Айта кетерлігі, бұл жеңіс – Скатовтың ересектер арасындағы екінші жүлдесі.

Сондай-ақ кеше әйелдер теннис қауым­дастығының (WTA) рейтингісі жарияланды. Жақында ғана US Open турнирінің ширек финалына дейін жеткен қазақстандық Юлия Путинцева 35-тен 30-орынға көтерілді. Еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 17-ден 18-ге, ал Зарина Диас 69-дан 72-сатыға сырғыды.