Кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (8-0, 4КО) алдағы болатын жекпе-жегіне дайындық барысы қалай өтіп жатқанын айтты.
«Жекпе-жекке дайындық жоғары деңгейде өтіп жатыр. Чемпиондық титулға жақындап қалдық. Бұйыртса 64 раунд спарринг қалды. Барымызды салып жатырмыз», деп жазды орта салмақтағы кәсіпқой боксшы Instagram-дағы парақшасында.
Ж.Әлімханұлы танымал бапкер Джеймс Макгирттің жетекшілігімен Калифорнияда жаттығады. Оның келесі жекпе-жегі қазан айында өтеді деп жоспарлануда.
Айта кетейік, отандасымыз соңғы айқасын өткен жылдың қараша айында АҚШ-тың Калифорния штатында өткізді. Ол канадалық боксшы Альберт Онолуності (24-3-1, 8 КО) алтыншы раундта нокаутқа жіберген болатын.