• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 15 Қыркүйек, 2020

Атырауда соңғы аптада 13 жасөспірім аман-есен табылды

177 рет
көрсетілді

Атырау полицейлері 7-12 қыркүйек аралығында жоғалған 13 жасөспірімді тауып, үйлеріне қайтарды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Бес күн ішінде хабар-ошарсыз кеткен жасөспімдер бойынша Атырау қалалық полиция басқармасының "102" операторына 13 хабарлама түскен. Талдау көрсеткендей, олардың арасында 3-8 жас аралығында сегіз бала (ата-ана қарауынсыз қалғандар), 8-14 жасқа дейінгі жоғалған бес жасөспірім (ата-анасының бақылауынсыз қалғандар). Барлық жағдайда полицейлер балаларды 2-3 сағат аралығында тауып алған.

Аталған оқиғалардың көпшілігі, балалардың үй аулаларынан шығып кетуінен болған. Ата-аналарының хабарламасы бойынша полиция қызметкерлерінің жедел іздестірулерімен жоғалып кеткен балалар аман-есен табылды. Солардың ішінде Вокзал маңы 5 ықшам ауданында бес жасар бала ата-анасының қарамауының салдарынан түскі уақытта үйінен шығып кеткен. Кеш болғанда полиция қыметкерлеріне хабарлама түскен, тәртіп сақшыларының іздеуімен бала табылып, ата-анасына табысталды.

13 қыркүйек күні сағат жетілер шамасында Атырау қаласы, Ш.Уәлиханов көшесі, 21 үйдің алдынан алты және төрт жастағы екі жасөспірім үйлерінің алдында ойнап жүріп, ересектер тарапынан қараусыз қалу салдарынан үйлерінен адасып қалған. Полиция қызметкерлерімен табылып, ата-анасына тапсырылды. Полиция қызметкерлері, осындай оқиғалардың алдын алу мақсатында, ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмауды ескертеді.