• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Бизнес 18 Қаңтар, 2017

Биыл мұнай бағасына әсер ететін факторлар

2493 рет
көрсетілді

2016 жылы қайта қалпына келген шикізат нарығы 2017 жылы бірнеше факторлардың әсерімен құбылмалы болады деп күтілуде.

Бұл туралы Saxo Bank банкінің тауар-шикізат нарығындағы стратегия бөлімінің басшысы Оле Слот Хансен мәлімдеді.

"Инвесторлардың назарда ұстайтын ең басты жаңалығы - ОПЕК+ келісімшартының биыл орындалар-орындалмасы," - дейді сарапшы.

Оле Слот Хансеннің пікірінше, биыл мұнайдың қымбаттауы үшін әлемдік нарықта қара алтынға деген сұраныс көбеюі тиіс.

"Сонымен қатар, экспорттаушы мемлекеттердегі геосаяси тұрақсыздық та бағаны көтеруі тиіс. Оған қоса, егер Дональд Трамп Иранға қарсы бір кездері салынған санкцияны қайта іске қосса, баға жоғары көтеріледі", - дейді Оле Слот Хансен.

Ал бағаны төмен тартушы фактор ретінде маман өткен жылдың соңында қабылданған мұнай өндірісін азайту туралы келіссөздің іске асырылмай қалуын айтады.

"Нигерия мен Ливия экпортының көбеюі, АҚШ өндірісін азайту процесінің тоқтауы да бағаның көтерілуі кедергісін келтіреді. Хедж қорлардың фьючерсі бойынша ұзын-сонар келісімшарттар да бағаға кері әсерін тигізбек", - дейді.

Бұдан бөлек сарапшы дамушы елдердің экономикалық өсімінің бәсеңдеуі де шикізат бағасын төмен тартатынын айтты.