• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Кәсіпқой бокс 17 Қыркүйек, 2020

Рейтингтері төмендеп барады

163 рет
көрсетілді

Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) бар­лық салмақ бойынша рейтингін жаңартты.

«ВКонтакте» әлеуметтік желісіндегі «Қа­зақ­станның кәсіпқой боксы» парақша­сы­ның мәліметінше, жаңартылған рейтингте отандастарымыз мынадай орынға жайғасқан:

Жан Кособуцкий (ауыр салмақ) – 38-орын; Әли Ахмедов (екінші орта салмақ) – 14-орын; Айдос Ербосынұлы (екінші орта салмақ) – 15-орын; Жәнібек Әлімханұлы (орта салмақ) – 9-орын;  Мейірім Нұрсұлтанов (орта салмақ) – 9-орын; Садриддин Ахмедов (бірінші орта салмақ) – 26-орын; Мадияр Әшкеев (бірінші орта салмақ) – 37-орын; Данияр Елеусінов (жартылай орта салмақ) – 30-орын; Батыр Жүкембаев (бірінші орта салмақ) – 10-орын; Виктор Коточигов (жеңіл салмақ) – 14-орын; Сұлтан Заурбек (екінші жартылай жеңіл салмақта) – 38-орын.