Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Бауыржан Исламхан Азия чемпиондар лигасында гол соқты.
Жерлесіміз өнер көрсететін БАӘ-нің «Аль Айн» командасы Азия чемпиондар лигасының топтық кезеңінің үшінші турында қатарлық «Аль Саддпен» кездесіп, 3:3 есебімен тең тарқасты.
Есепті бірінші болып алаң иелері ашты. Ойынның 5 минутында Того құрамасының ойыншысы Лабаның қанжығасы майланса, араға 30 минут салып қонақтар сапында Акрам Афиф көзге түсіп, есепті теңестіріп кетті.
Кездесудің 38-минутында әмірлік командасы алға шықты. Исламхан айып алаңының сыртынан жойқын соққы жасап, чемпиондар лигасындағы ең әдемі голдардың бірін соқты. Бұл кешке қонақтар сапында Касорла (55-минут) мен Бунеджах (60-минут) мергендік танытса, Хоухи («Аль Садд») автоголдың авторы атанды.