SARS-CoV-2 Оңтүстік Коряның Kia Motors зауыты екі конвейерінің жұмысын уақытша тоқтатты, деп хабарлайды Egemen.kz Yonhap агенттігіне сілтеме жасап.
Сеулдің оңтүстігінде орналасқан Кванмён қаласындағы зауытта 8 жұмысшы вирус жұқтырған. Осыған байланысты Kia Motors жұмысты уақытша тоқтата тұруға шешім қабылдапты. Осылайша 6 мың адам еңбек ететін 2 құрастыру конвейеріндегі барлық жұмысшылар үйлеріне қайтарылып, зауытта зарарсыздандыруды бастаған компания басшылығы жұмыстың қайта жандануы карантинді белгілейтін органдармен кеңесіп барып шешілетінін жеткізген.
Онсыз да пандемия қырсығынан соңғы 11 жылдың ішіндегі ең аз көлік шығаруынан қолайсыздық сезініп отырған Kia Motors үшін бұл жайттың оңайға соқтайтыны түсінікті.
Айта кету керек, соңғы тәулікте Оңтүстік Кореяда 153 адам жаңадан вирус жұқтырып, оның 145-і ел ішінде, ал қалғаны сырттан, шетелден келген ауру екені анықталған.