«Астана» велокомандасының капитаны Мигель Анхель Лопес «Тур де Франс» көпкүндігінің 17-ші кезеңінде жеңіске жетті.
170 шақырым қашықтықты 4 сағат 49 минут 8 секундта бағындырған М.Лопес екінші болып келген Jumbo-Visma командасының словениялық өкілі Примож Рогличтен 15 секунд ерте келді. Ал БАӘ мүшесі Тадей Погачар мәре сызығын үшінші болып кесті.
Жеңімпаз бен жүлдегерлерді Франция президенті Эммануэль Макрон өзі қарсы алып, қошемет көрсетті.