• RUB:
    4.75
  • USD:
    498.55
  • EUR:
    524.28
Басты сайтқа өту
Елорда 19 Қыркүйек, 2020

Елорда әкімі қаланы көгалдандыру туралы айтты

399 рет
көрсетілді

Бүгін елорданың барлық аудандарында "World Cleanup Day" ("Дүниежүзілік тазалық күні") экологиялық акциясы: ағаштар отырғызу және "Бірге – таза Қазақстан" сенбілігі өтті. Тек бүгіннің өзінде екі мыңнан астам ағаш отырғызылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

“Елордамызда экологиялық аумақтардың қатары артып келеді. Қаланың тыныс алу мүшесіндей бұл территорияларды абаттандырамыз: ағаш, бұта, жапырақты және қылқан жапырақты көшеттер отырғызамыз. Өсімдіктерді сақтау мақсатында талдарды кескені үшін отырғызылатын көшеттерді екі есеге көбейттік. Егер бұрын “бірге бес” болса, қазір “бірге он”.

Триатлон мен Президент саябағын жалғап тұрған көпірасты кеңістік (Сарайшық) қазір адам көп жиналатын, спортпен айналысып, жастардың бас қосатын орнына айналды. Бұған дейін білесіздер, бұл жер бос жатқан еді. Жөндеу жұмыстарымен қоса, коммуналдық қызметкерлеріміз де территорияны абаттандырумен айналысты. Бүгін әріптестерімізбен, волонтерлермен, экобелсенділермен, спортшылармен, әртістермен және қоршаған ортаға бей-жай қарамайтын барлық азаматтармен бірге ағаш көшеттерінің кезекті партиясын отырғыздық. Осы шараға қатысқан барлық азаматқа ризашылығымды білдіремін!

Бұл территорияны әлі де гүлдендіреміз. Қазірдің өзінде онда баскетбол алаңы мен балалар алаңы, work-out, бишілерге арналған сахна, йогамен айналысуға арналған орын және т.б. бар. Пирс орнатылып, үлкен футбол алаңы салынды. Биыл осындай 50 қоғамдық кеңістік, 150 жаңа аула абаттандырылды. Көгалдандыру ісі бойынша барлық жерге көңіл бөлеміз.

Биыл отырғызылған талдар саны 30 мың, барлық егілген жасыл-желек 80 мыңға жетеді. Бұл цифрды жыл сайын көбейтіп отырамыз,” - деп жазды Алтай Көлгінов әлеуметтік желідегі парақшасында.