• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Саясат 21 Қыркүйек, 2020

Экономика тұрақтылығы заңмен реттеледі

192 рет
көрсетілді

Әлемді әбігерге салған пандемияның кесірінен осыған дейінгі өмір-дағдымызға өзгеріс енгені айтпаса да белгілі жайт. Әсіресе, коронавирустың салдары ел экономикасына айтарлықтай әсерін тигізді. Қаржы, несие салаларына қатысты нормалар мен актілерді қайта қарауға тура келді. Мәселен, еліміздегі микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың жұмыс барысын реттеу бойынша Қазақстанның кейбір нормативтік-құқықтық актілеріне өзгерістер енді.

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдай­да­ғы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында да айтты. «Қазіргі күрделі жағдайда алдымызда тұрған басты міндет – əлеуметтік экономикалық тұрақтылықты, жұмыс орындарын жəне халықтың табысын сақтап қалу», деп мемлекет тара­пынан əлеуметтік саладағы жəне экономиканы қолдауға бағытталған барлық мін­дет­темелер орындалатынын жеткізген еді. Тіпті, ел Президенті осы мақсатқа Ұлттық қордан 1 триллион теңге бөлі­не­тінін де айтты.

Солай бола тұра еліміздегі микро­қар­жылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың жұмысын реттеу мәселесі де өзектілігін жойған жоқ. Осы мақсатта еліміздің кейбір нормативтік-құқықтық акті­лерінде өзгерістер орын алды. Мәсе­лен, осы жылы 30 сәуірде Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымованың арнайы қаулысы да шықты. Ендеше, 2003 жылғы 4 шілдедегі «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы», 2012 жылғы 26 қарашадағы «Микроқаржылық қызмет туралы», 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», 2014 жылғы 16 мамырдағы «Рұқ­саттар және хабарламалар туралы» Қазақ­стан Республикасының заңдарына, 2020 жылғы 15 наурыздағы №285 «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы», 2020 жылғы 16 наурыздағы №286 «Әлеуметтік-эконо­ми­калық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Президентінің Жарлықтарына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нары­ғын реттеу және дамыту агенттігі бас­қар­масы бекіткен қаулыға зер сала­йық.

Ең алдымен, «Пруденциялық нор­ма­тивтердi және микроқаржылық қыз­метті жүзеге асыратын ұйымның сақ­та­уы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердi, оларды есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі Басқармасының 2019 жыл­ғы 14 қарашадағы №192 қау­лы­сына (Нормативтік құқықтық акті­лерді мемлекеттік тіркеу тізілі­мін­де № 19629 болып тіркелген, 2019 жылғы 27 қарашада Қазақстан Рес­пуб­ликасының нормативтік-құқықтық акті­лерінің эталондық бақылау бан­кін­де жарияланған) мынадай бірқатар өзгеріс енгізілді. Мәселен, көр­се­тілген қаулымен бекітілген Пру­ден­циялық нормативтерде және мик­ро­қар­жылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның сақтауы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттерде, оларды есептеу әдістемесіндегі 3 және 4-тармақтар редакцияланды. 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органда (бұдан әрі – уәкілетті орган) есептік тіркеуден өткендер үшін; биылғы 1 қаңтарға дейін мемлекеттік тіркеуден өткен және өз қызметін Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында немесе облыс орталығында жүзеге асыратын кредиттік серіктестіктер үшін; осы жылғы 1 қаңтарға дейін мемлекеттік тіркеуден өткен және өз қызметін Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан немесе облыс орталықтарынан тыс жерде жүзеге асыратын кредиттік серік­тес­тіктер үшін; биылғы 1 қаңтарға дейін ломбард ретінде мемлекеттік тір­кеуден өткен және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында немесе облыс орталығында өз қызметін жүзеге асыратындар үшін; 1 қаңтарға дейін ломбард ретінде мемлекеттік тіркеуден өткен және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан немесе облыс орталығынан тыс өз қызметін жүзеге асыратындар үшін жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшері белгіленді.

Сондай-ақ 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін уәкілетті органда есептік тіркеуден өткендер үшін, кредиттік серіктестік ретінде 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін мемлекеттік тіркеуден өткен және өз қызметін Нұр-Сұлтан, Алматы, Шым­кент қалаларында немесе облыс орталықтарында жүзеге асыратын кредиттік серіктестіктер үшін, кредиттік серіктестік ретінде 2021 жылғы 1 қаң­тарға дейін мемлекеттік тіркеуден өткен және өз қызметін Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан немесе облыс орталығынан тыс жерде жүзеге асыратын кредиттік серіктестіктер үшін, 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін ломбард ретінде мемлекеттік тіркеуден өткен және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында немесе облыс орталықтарында орналасқандар үшін, 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін ломбард ретінде мемлекеттік тіркеуден өткен және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қа­лаларынан немесе облыс орта­лық­та­ры­нан тыс орналасқандар үшін меншікті капиталдың ең төменгі мөлшері анықталды.

«Есептік тіркеуден өту үшін ұсы­нылатын құжаттар тізбесін қоса алған­да, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың есеп­тік тіркеуден өту, сондай-ақ микроқаржылық қыз­мет­ті жүзеге асыратын ұйымдардың тізі­лімін жүргізу және тізілімнен шы­ғару қағидаларын бекіту туралы» Қа­зақ­­стан Республикасының Қар­жы на­­ры­­ғын реттеу және дамыту агент­тігі басқармасының 2020 жылғы 24 наурыздағы №21 қаулысына да (Нор­ма­тивтік құқықтық актілерді мем­ле­кет­тік тіркеу тізілімінде № 20163 болып тір­келген, 2020 жылғы 25 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақы­лау банкінде жарияланған) бірқатар өзгеріс еніпті. Есептік тіркеуден өту үшін ұсынылатын құжаттар тізбесін қоса алғанда, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың есептік тіркеуден өту, сондай-ақ микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың тізілімін жүргізу және тізілімнен шығару қағидаларындағы 3 және 4-тармақтар редакцияланды.

Төтенше жағдай мен карантиндік шаралар аяқталғанымен, ел экономикасы толық қалпына келді дей алмаймыз. Сондықтан енгзіліп отырған бұл түзетулер кәсіпкерлерді дағдарысқа ұрындырмайды деп сенеміз.