• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 22 Қыркүйек, 2020

Аймақтық даму деңгейі көңіл көншітпейді

459 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында еліміздің әр аймағының өзіндік даму ерекшелігі болуы керек екенін атап көрсетті. Соның ішінде Қазақстанның батыс өңірлері басты бағытты көмірсутегі шикізатын өндіру мен өңдеуге негіздеуі қажеттігі жөнінде де нақты тұжырымдар жасады. Осы қатарда инновациялық өңір қатарында жүрген Батыс Қазақстан облысы тұрғаны талассыз. Солай дей тұрсақ та мұнда толық шешімін таппаған мәселелер де жеткілікті екені айқын байқалып жүр.

Ашығын айтқанда аймақта мұнай-газ өндірісін дамытып, химия кешендерін қалыптастыру ісі басым сипат ала алмай келеді. Ендеше, аумақтық даму жолындағы Орал өңірінің артықшылығы мұнай мен газды өңдеу деп ой қорыту қисынға келе қоймайды. Бұдан шығатын басты түйін – облыс әлі күнге дейін нақты даму жолын айқындай алмай келе жатқандығы.

Ақжайық аймағына қандай даму бағыты тән? Мұнай-химия кешені ме? Жоқ, әлде өнеркәсіптік бағыт па? Неме­се ауыл шаруашылығы ма? Әлде тамақ және тоқыма өндірісі ме? Қалай деген­мен бұлардың аражігін дөп басып айту қиын-ақ. Теңгерімді аумақ­тық дамытудың негізі алғашқы айтыл­ған сала деп тұжырымдасақ, «КПО б.в.» альянсы мен «Конденсат» және «ЖайықМұнай» секілді жекеменшік ком­паниялар облыс экономикасының өрге басуына айтарлықтай сүбелі үлес қосып отырмағаны айқын. Әрине, жыл сайын кейбір әлеуметтік сипаттағы жо­балар мен нысандарды тұрғызуға атал­ған компаниялар есебінен белгілі бір деңгейде қаражат бөлініп тұратынын жоқ­қа шығаруға болмайды. Дегенмен тұтас­тай алғанда мұның өзі өңір эконо­микасының өсіміне ықпал жасай алмайтыны тағы да аян. Осы ретте сәл шегініс жасар болсақ, сонау 90-шы жыл­­дардың орта шенінде өнімді өзара бөлі­су жөніндегі шетелдіктермен жасал­ған ке­лісімшарттарға сәйкес Қара­шы­ға­нақ кенішінде Бірлескен басқару коми­теті (ББК) деген айрықша басқару құрылымы болғаны ұмытыла қойған жоқ. Оның құра­мы 5-6 адамнан тұрғаны жөнінде дерек­тер бар. ББК-ның басты ерек­ше­лігі, сонда талқыланған мәсе­ле­ге оның бір мүшесі қарсы болса, ше­шім қабыл­дан­бай­ды екен. 2000-жыл­дардың бас кезін­де оған Пре­зи­дент Жарлығымен Батыс Қазақ­стан облысының әкімі болып таға­йын­далған Қырымбек Көшербаев мүше болып, соның арқасында облыс эконо­ми­касын дамыту және әлеуметтік мәсе­ле­лерді шешу үшін қыруар қаражат тартыл­ған еді. Бүгінде кеніште мұндай құры­лым жойылған. Кейіннен мұндағы көп­те­ген шетелдік компания қызмет ерек­ше­лігіне қарай Батыс Қазақстан аума­ғы­нан Аты­рауға қоныс аударды. Сөй­тіп олар­­дың ор­нын­да қалған «КПО б.в» ком­па­ния­­сы­ның әлеуеті мен мүмкіндігі тарыла түсті.

Сондай-ақ қазіргі уақытта Ақжайық аймағында өнеркәсіптік кәсіпорын­дар­дың әлеуеті де толық пайдаланылмай жүргені айқын байқалады. Өңірде өнеркәсіпке қолдау көрсетудің тың жол­дары мен тетіктері жөнінде ауыз тол­тырып айтуға тұратындай істің болмай тұрғаны өкінішті-ақ. Бұған дейін жұмыс істеп келген кәсіпорындарды қайтадан жаңғырту мен модернизациялау шаралары аяқасты болып жүргені де қынжылтады. Айталық, бұдан біраз жыл бұрын Орал қаласында Батыс Қазақстан машина құрастыру компаниясы деген аты дардай отандық кәсіпорын құрылып, жұмыс істей бастағанына куә болғанбыз. Қазір қайда сол компания? Көрінбейді әйтеуір. Журналистік әуестікпен бір жолы оның Жайық өзенінің жағасында орналасқан бас ғимаратының қазіргі жай-күйіне назар аударған едік. Оның төңірегі тым-тырыс, өндіріс ырғағы байқала қойған жоқ. Ал компания ғима­ратының сұрқы қашып, сыртқы сы­лақ­тары түсе бастапты. Сөз жоқ, жоға­рыда айтылғандардың бәрі Пре­зидент Жол­дауында қойылған өнер­кәсіп­тің әлеуе­тін толық пайдалану жөнін­дегі аса ма­ңызды міндеттерге қайшы келеді. Мұн­дай олқылықтардың орын алуы­ның басты себебі тың серпіліс пен сілкініс­тің жеткі­ліксіздігінен десек, қателесе қоймаспыз.

Аумақтық даму мен өндірістік цикл­дарды құруға қажетті басты фактор­дың бірі – қаражат көздерінің жеткілікті болуы. Мемлекет басшысының «Қазақ­станның батыс өңірлері инвестиция тар­татын орталыққа айналуға тиіс» де­ген тұжырымы аталған мәселеде Ақжайық аймағында іс басында жүрген бас­шы азаматтарға қозғау сала алар ма екен? Бұл мәселе жөніндегі басты жауап­кершілік пен салмақты Батыс Қазақ­стан облысының әкімі Ғали Есқалиев ар­қа­лайтыны ешқандай талас туғызбайды.

Тағы бір кереғар жайт – аталған өңір­де әлдебір жиын мен басқосу бола қалса, жиі айтылатын, жергілікті бұқара­лық ақ­парат құралдарында жиі жазылып, жиі көрі­нетін бір тәмсіл бар: Бұл – Батыс Қазақ­стан облысының Ресей­дің бес бір­дей шек­аралық аймағымен шектесетіні жөнін­дегі әбден таптаурын болған дерек. Сөз жоқ, аталған өңірдің георафиялық, гео­сая­си және геоэкономикалық тұр­ғыдан ұтым­ды орналасуы – жағымды жайт. Әйт­се де осындай шекаралық шектесу өңірге қан­дай пайда мен тиімділік әкелгені жөніндегі жайттар қағыс қалып қойып жүр. Түйіп айтқанда, мұның өзі отандық тауарларды сату мен инвестиция тартудың таптырмас мүмкіндігі екені ескеріле бермейді.

Рас, бұған дейінгі кезеңде өңірде Ресейдің Саратов, Самара, Орын­бор, Вол­гоград және Астрахань облыс­­тары­мен сауда-экономикалық ынты­мақ­­тас­тық жөнінде екіжақты келісім­­шарт жасалып, тараптар арасын­дағы қарым-қатынастар оң жолға қойы­лып келген-ді. Әйтсе де кейінгі кезде Ресей­дің губер­ниялық би­лігінің өкіл­дері­мен және сон­дағы мекеме, кәсіп­орын жетек­­шілерімен орна­тылған тығыз бай­ланыс­тардың арқауы босаңси бастағаны байқалады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап көрсеткендей, шекаралық аймақтармен тығыз қарым-қатынас орнату еліміздің шекара маңын дамытудың аса маңызды факторы екенін ескерсек, батысқазақстандық билік өкілдеріне осынау өзекті істі жолға қоюда дүр сіл­кінуге тура келетіні анық. Әрі солай бо­латынына да сенім жоқ емес. Ал тұ­тас­тай алғанда әзірге Ақжайық айма­ғының даму деңгейі көңіл көншіте бермейді.

  

ОРАЛ