"Алматы-Қапшағай" бағытында қалааралық пойыз қатынасы іске қосылады, деп хабарлайды Egemen.kz
"Тұран Экспресс" Жолаушылар компаниясы" ЖШС ағымдағы жылдың қыркүйек айында "Алматы – Қапшағай" бағыты бойынша қала маңындағы пойыздың күнделікті жүрісі келесі жөнелтумен жалғасатынын хабарлайды:
Қапшағай стансасында – сағат 05:52; Алматы-1 стансасында – сағат 18:58.Тасымалдау жалпы типтегі вагондармен жүзеге асырылады (отырғызылған). Әр вагонның ішінде кәсіби гидтер бар. Жол ақысы пойыз ішіндегі кондукторларға ONAI жылжымалы көлік терминалы арқылы төленеді. Жол ақысы – 80 теңге.
Барлық сұрақтар бойынша Turan Express Passenger Company ЖШС кеңсесіне 8727 234 34 70 телефонына немесе turanexpress@mail.ru электронды поштасы арқылы хабарласуға болады.
Пойыздардың жүру кестесі қоса берілген