• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Аймақтар 28 Қыркүйек, 2020

Атырауда шектеу шаралары 12 қазанға дейін созылады

214 рет
көрсетілді

Мұнайлы өңірде карантиндік шектеу шаралары 12 қазанға дейін созылады. Осыған орай бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Асылбек Шаровтың арнайы қаулысында  "Атырау облысының аумағында 2020 жылғы 28 қыркүйек  сағат 00:00-ден 12  қазан   сағат 00.00-ге дейін шектеу шаралары ұзартылсын" делінген, деп хабарлайды Egemen.kz

Қаулыға сәйкес, ойын-сауық орындарының (караоке, бильярд, компьютерлік клубтар, түнгі клубтар, боулинг орталықтары, жабық үй-жайлардағы балалардың ойын алаңдарымен аттракциондар, батуттар және басқалары), кинотеатрлардың (ашық ауадағы кинотеатрларды қоспағанда), букмекерлік кеңселердің қызметіне тыйым салынып отыр. Ал мемлекеттік органдардың (ұйымдардың, кәсіпорындардың), квазимемлекеттік секторлардың, ұлттық компаниялардың, өзге де ұйымдардың, сондай-ақ, рұқсат етілген кәсіпкерлік субъектілердің қызметіне әлеуметтік қашықтықты және күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық  режимді сақтай отырып рұқсат берілді. Сонымен бірге қызметкерлердің кемінде 50%-ы (штат кестесінде 30-дан астам қызметкер болғанда) қашықтан жұмыс режимі сақталады.

Бір мезгілде жабық ғимараттарда, ашық алаңдарда 50 адамнан аспайтын, кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты және  күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, бір отбасы мүшелерін қоспағанда бір үстелге 4 адамнан аспайтын адам санына отыруға рұқсат етіп, ұжымдық іс-шараларды өткізбей, қоғамдық тамақтандыру объектілерінің (кафелер, мейрамханалар және басқалар) қызметіне сағат 08:00-дан  00:00-ге дейін рұқсат беріліп отыр.

Маска режимі мен Теңіз кен орны аумағында бұған дейін енгізілген карантин режимі сақталады.