Павлодар облысы, Кенжекөл ауылы, Южная көшесі 5/1 мекенжайынан түнгі 03:01-де өрт туралы хабарлама келіп түскен.
"Жалпы ауданы 300 шаршы метр болатын 7 бөлмелі кірпіштен салынған үй шатырының ағаш конструкциялары, жиһаз бен үй заттары толығымен жанып кетті. Өрт сөндірушілер келгенше 6 адам өз бетінше эвакуацияланды, оның ішінде 3 бала болды. Өрттің себебі мен шығыны анықталуда. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ", деді облыстық ТЖД баспасөз хатшысы Ербол Теміров.
Сондай-ақ 04:25-те Ақсу қаласындағы Астана көшесі 101 мекенжайында шаруашылық аула аумағында 40 шаршы метр кірпіш сарайы мен ағаш жапсаржай шатырының ағаш қабырғалары өртенген. Сарай ішінде 0,1 тонна шөп, 4 тонна көмір болған. Өрт сөндірушілер 1 газ баллонды шығарды. Өрттің себебі мен шығыны анықталып жатыр.