Сауда және интеграция министрлігі Экономикалық интеграция департаментінің сарапшылары қазақстандық делегация құрамында Еуразиялық экономикалық комиссия алаңында «Темір жол жылжымалы құрамының қауіпсіздігі туралы», «Жоғары жылдамдықты темір жол көлігінің қауіпсіздігі туралы» және «Темір жол көлігі инфрақұрылымының қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламенттеріне өзгерістер жобалары бойынша келіспеушіліктерді талқылау жөніндегі кеңеске қатысты.
Осы техрегламенттер Еуразиялық экономикалық одақ елдеріндегі темір жол көлігінің және оның инфрақұрылымының, оның ішінде локомотивтердің, жолаушылар және жүк вагондарының, темір жол платформалары мен стансаларының қауіпсіздігі мәселелерін реттейді.
Құжатты әзірлеу 4 жылдан астам уақыт бойы жүргізіліп келеді. Өзгерістер жобасында сәйкестікті растауға жататын жылжымалы құрамның құрамдас бөліктерінің тізбелеріне, ұғымдық аппаратқа өзгерістер енгізу көзделеді, сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарды жүргізу талаптары мен рәсімдері нақтыланады.
Құжат қоғамдық талқылаудан, мемлекетішілік келісу рәсімдерінен өтті және жоғары дайындық деңгейінде.
Қазіргі уақытта ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағында жылжымалы құрамды және (немесе) оның құрамдас бөліктерін кедергісіз пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған 3 мәселе шешілмеген күйінде қалып отыр.
Бұл түзетулер вагондарды жаңарту кезінде даулы мәселелерді шешуге, кейіннен вагондардың қызмет ету мерзімін ұзартуға, қосалқы бөлшектерді әкелуге, сәйкестікті бағалаудан өтуге мүмкіндік береді. Мысалы, күрделі жөндеуден өткен вагондардың Ресей Федерациясына кіру мүмкіндігі бөлігінде.
Қазақстан, армян, беларусь және қырғыз тараптары жоғарыда аталған ұсыныстарды келісті, ал Ресей Федерациясы қарсы.
Осыған байланысты, тараптардың өзара тиімді шешімдерді іздеу бойынша консультациялары жалғасуда.